- Басты
- Жаңалықтар
- Алматыда Премьер-Министрге дамудың жаңартылған Бас жоспары таныстырылды
Алматыда Премьер-Министрге дамудың жаңартылған Бас жоспары таныстырылды
Қазіргі таңда Алматының Бас жоспары әзірлеу және келісу кезеңінде тұр. Экономиканың жылдам дамуы мегаполис халқының 20%-ға артуына алып келді, нәтижесінде алдында 2021 жылға дейін жоспарланған көрсеткіштерге 2013 жылы-ақ қол жеткізілді.
Бас жоспарды Премьер-Министрге таныстырған Алматы әкімі Б. Байбек жаңа Бас жоспардың жаһандық трендтерге бағдарланғанын – қаланың құрылымы тиімді болуы тиіс екенін айтып өтті.
Мегаполистің орталық және шалғай аудандары бірдей сапалы дамиды, ал көлік жүйесі «ақылды мобильділік» қағидасы бойынша жұмыс істейді деп күтілуде, яғни мегаполисте өмір сүруді барынша жайлы ету көзделген.
Бас жоспарды түзету жобасы Алматы агломерациясын аумақтық дамытудың аймақаралық сызбасын ескере отырып жасалған. Сонымен, 2014 жылы Алматы қаласына жалпы халық саны 92 604 адам болатын 27 елді мекен қосылды. Оған қоса, қаланың орталық бөлігінде қоғамдық көліктерге басымдық беріледі, ол көлік кептелістерінің азаюына әсер етіп, экологиялық ахуалды жақсартады.
Премьер-Министрге Алматы әкімі мәлімдегендей, жаңа автокөлік жол айырықтары мен Үлкен Алматы айналма жолын (ҮАААЖ) салу қала көшелеріндегі көлік жүктемесін азайтады. ҮАААЖ ұзындығы 66 шақырымнан асады, бұл жол 5 республикалық жолды және жергілікті маңыздағы 14 жолды байланыстырады.
Алматыны дамытудың жаңартылған Бас жоспары 2035 жылға дейін жобаланған.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді