• Басты
  • Жаңалықтар
  • Алматыдағы кеңесте Кәрім Мәсімов мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек көрсету мәселесін көтерді

Алматыдағы кеңесте Кәрім Мәсімов мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек көрсету мәселесін көтерді

15 Тамыз, 2016 18:39
ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Алматыда әлеуметтік сала дәрігерлерімен және өкілдерімен кездесуінде мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек көрсету мәселесін талқылады, деп хабарлады Премьер-Министрдің сайты.

Медициналық қоғамдастық пен үкіметтік емес ұйымдармен кездесу Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында өтті. Қазақстанда 18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі 75,7 мың бала бар.

Балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі болып есептеледі. Мүмкіндігі шектеулі балаларға жағдай жасау басты назарға алынып отыр. Кәрім Мәсімов мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың осы мәселе бойынша тығыз бірлесіп жұмыс істеуге тиіс екенін атап өтті.

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі С. Жақыпованың мәліметі бойынша мүгедек балалар арасында туа біткен ауытқулар, жүйке жүйесі аурулары, психиатриялық бұзылулар, оның ішінде аутизм басымырақ. Елде аутизммен ауыратын 1095 адам бар, 2015 жылы 233 баланың аталмыш аурумен ауыратыны анықталған.

Оның айтуынша, осы мәселелерді шешу үшін Қазақстанда балалардың ақыл-ой және дене дамуын ерте анықтау бойынша жаңа жүйе енгізіледі.

Сонымен қатар, аутизм спектрі бұзылған балаларға арналған сақтауды қамтамасыз ету үшін жол картасы әзірленді. Мұның аясында нормативті база, статистикалық есепке алу, клиникалық-диагностикалық хаттамалар, медициналық-әлеуметтік оңалту жүзеге асырылады. 

Сонымен қатар, кездесу барысында балалар құқығы жөніндегі уәкіл З.Балиева, білім және ғылым вице министрі Э.Сұханбердиева сөз сөйледі. Ақыл-есі кем балаларға арналған қамқорлық көрсетуді жақсарту үшін өз ұсыныстарынәлеуметтік сала өкілдері, қорлар басшылары ұсынды. 

Отырысты қортындылай келе, Премьер-Министр Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі, Білім және ғылым министрлігіне диагностикалық әдістерін жетілдіруге және және медициналық-әлеуметтік дамуы шектеулі балаларды оңалтуға байланысты кадрлы ресурстарды қамтамасыз ету үшін ақпараттық жүйені дамыту бойынша ұсыныстар енгізуді тапсырды.

 

 

Барлық жаңалықтар