- Басты
- Жаңалықтар
- 23 жыл ішінде «Болашақ» бағдарламасымен 12 мың стипендия бөлінді
23 жыл ішінде «Болашақ» бағдарламасымен 12 мың стипендия бөлінді
«Шетелде білім алған 9 мың азамат елге оралды. Қазір 1,5 мың студент шетелде оқып жатыр.Қалғандары стипендиядан айырылып қалған немесе өз еркiмен бас тартқан»,-деді Нығыметов.
«Болашақ» бағдарламасы – бiздiң тәуелсiз Қазақстанымыздың үлкен жетiстiгi, Елбасымыздың мақтанышы. Елiмiздiң ең ашық, әдiл бағдарламаларының бiрi. Бұл бағдарлама әрбiр азаматқа қолжетiмдi. Өз бетiмен шетелге оқуға түскен үмiткерлер үшін екi жыл еңбек өтiлi талабын алып тастадық. Жақында Үкiметтiң қаулысы қабылданады. Екiншiден, «Болашақ» бағдарламасы «Қазақстан-2050», «Нұрлы жол», «100 нақты қадам» бағдарламаларына кадрлар дайындайды. Сондықтан қазiр инженер-техник мамандықтарына үлкен көңiл бөлiп жатырмыз», - дейді Ғ.Нығметов.
Бұдан бөлек, келесі жылдан бастап ауыл мұғалімдеріне жеңілдіктер қарастырылмақшы.
«Бүгiн жаңа тапсырмалар берiлдi. Оның iшiнде ауыл мұғалiмдерiне жеке квота жасау бар. Осы мәселе пысықталып, келесi жылдан бастап ауыл мұғалiмдерiне «Болашаққа» жеңiлдiкпен түсуге мүмкiншiлiк болады. Ауыл мұғалiмдерi орта деңгейдегi ағылшын тiлiн бiлсе, «Болашақ» бағдарламасымен магистратураға бара алады. Келешекте ауылда ма немесе қалада жұмыс iстей ме, жалпы мамандық бойынша жұмыс iстеу талабы қойылады», - деді орталық басшысы.+
Сондай-ақ, бес жыл елде жұмыс iстеу талабы да ауыл мұғалiмдерi үшін өзгертілуі мүмкiн. Қазiр бұл мәселе шешiлiп жатыр.
Жалпы, 2016 жылы 700 стипендия бөлiнген. Жылдың басында 137 стипендияның иегері анықталса, маусым-шiлде айларында екiншi кезең бойынша құжаттар қабылданған.
«400-ден астам өтiнiш түстi. Соның 176-ы стипендия иегерi атанды. Көпшiлiгi магистратура мен докторантураға баратын болады. Қалған 70-ке жуық азамат тағылымдамадан өтедi. Барлығы бүкiл кезеңдерден сәттi өттi», - деді Ғ.Нығметов.
Ал үшінші кезең бойынша құжаттар 30 қыркүйекке дейін қабылданып, қорытындысы желтоқсанда шығарылады.
Айта кетейік, бүгін Ақордада Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен шетелде кадрларды дайындау жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтіп, бірқатар маңызды мәселелер талқыланды.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды