• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ұлттық ғылым академиясы ғалымдарды ғылыми әзірлемелерді коммерциаландыруға белсенді қатысуға шақыруда

Ұлттық ғылым академиясы ғалымдарды ғылыми әзірлемелерді коммерциаландыруға белсенді қатысуға шақыруда

15 Тамыз, 2016 17:59
Ұлттық ғылым академиясы ғалымдарды ғылыми әзірлемелерді коммерциаландыруға белсенді қатысуға шақыруда. Бұл туралы ОКҚ брифингінде Ұлттық ғылым академиясының президенті Марат Журинов мәлімдеді.

«Қазақстанның ғылым саласында коммерциаландырудың табысты үлгілері бар, ол әлеуетті коммерциялық маңызды көрсетті. Соңғы жылдары 65 жобаның  40 жобасы 900 млн теңгенің дайын өнімінің сатылымына қол жеткізді», - деді ол.

Ұлттық ғылым президентінің айтуынша, «Азық-түлік инновацияларын ынталандыру» жобасын іске қосу  қарастырылған. Гранттар үздік қазақстандық ғалымға, жас зерттеушілерге және кәсіпкерлерге беріледі. Грантты ұсыну уақыты 3 жыл. Гранттың көлемі жоғары ғылыми қызметкерлер үшін: 230 млн теңге, кіші топтағылардағы қызметкерлерге 180 млн теңге.

«Қазақстандық ғалымдардың  белсенді ұстанымының нәтижесінде біз ғылымды әлемдік деңгейге шығарамыз», - деді ол.

Индира Кауметова

 

 

Барлық жаңалықтар