Қарағанды облысында битумо-каучук мастикасын өндіретін болады

15 Тамыз, 2016 20:19
«Izomast» компаниясы суық күйінде пайдаланылатын битумо-каучук мастикасының жоғары технологиялық өндірісін іске қосты, деп «ТДЖҰА» АҚ хабарлайды.

«Izomast» компаниясы «ТДЖҰА» АҚ-ның «Бәйтерек» еншілес ұйымынан 45 074 058 теңге көлемінде жоғары технологиялық өндірістік қызметтің өндірісін қолдау үшін грант алды. Компанияның өз қаражаты 28 370 060 теңгені құрады. Суық күйінде пайдаланылатын битумо-каучук мастикасының жоғары технологиялық өндірісін Теміртау қаласында іске қосты»,-деп хабарламада айтылған.

Естерінізге сала кетейік, Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік 2010 жылдан бастап инновациялық гранттар беру бойынша бағдарламаларға қатысуда.

Қазіргі кезеңде «Izomast» компаниясы «ЭКСПО-2017» көрмесінің құрылысы аясында келісімшарт жасасты. Сонымен қатар, Осакаровка-Теміртау автожолдарының құрылысы үшін және «Бейнеу-Бозой» теміржол бағыты бойынша өнімдерді жеткізу туралы келісімшарт бар

Барлық жаңалықтар