• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҰКП қазақстандық бизнесмендерді отандық бизнестің инновациялық белсенділігін арттыруға шақырады

ҰКП қазақстандық бизнесмендерді отандық бизнестің инновациялық белсенділігін арттыруға шақырады

15 Тамыз, 2016 17:16
«Атамекен» ҰКП ҚР қазақстандық бизнесмендерді «Өнім инновацияларын ынталандыру» жобасына қатысуға шақырады, сонымен бірге, олар отандық бизнестің инновациялық белсенділігін арттырады. Бұл туралы «Атамекен» ҰКП төраға орынбасары Мұрат Әбенов ОКҚ-да өткен баспасөз-конференциясы барысында мәлім етті.

«Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Өнім инновацияларын ынталандыру» жобасына үлкен қызығушылық танытады. Менің ойымша, бұл сирек кездесетін жоба. Бұл жерде бірінші кезекте ғылыми зерттеулерге бизнестің өзі мүдделі және ғылыми ұйымдармен бірге бірлесіп орындаушы ғана болмай, оның бастамашысы ретінде де бола аласын»,-деді ол.

Айта кетейік, «Өнім инновацияларын ынталандыру» жобасы ұлттық инновациялық жүйенің негізгі элементтерін шоғырландыруға және экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттырудв отандық инновацияларды түрлендіруге бағытталған.

Аталмыш жоба аясында кәсіпкерлер мен ғылыми-зерттеу ұйымдарының қатысуымен индустриялық-инновациялық консорциумдар құру көзделген. Мұндай ынтымақтастық екі жақ үшін бірдей дәрежеде пайдалы болады. М.Әбеновтың айтуы бойынша, консорциумда қатыса отырып, ғалымдар өмірге инновациялық идеяларын жүзеге асыруға мүмкіндік алады, ал кәсәпкерлер айтарлықтай қаржылай қолдау есебінде бизнес құрудағы қауіптерді азайтады. Осылайша, бизнес пен ғылымның арасында  өзара ұзақ мерзімді әріптестік орнатудың платформасы құралытын болады.

«Мен барлық кәсіпкерлерді, жоғары технологиялық өндірістерді белсенді қатысуға шақырамын, уақыт аз қалды, бірінші кезең басталып кетті. 31 тамызға дейін құжаттар тапсырылуы тиіс. Ұлттық палата тарапынан инфрақұрылымды беруге дайынбыз, БҒМ-мен бірге көмек көрсетіп, түсіндіреміз. Біз қоғамдық бақылау орнатамыз. Өйткені, біз үшін барлық істердің ашық өткендігі маңызды»,-деді ол.

Сонымен қатар, сарапшының айтуы бойынша, бизнес пен ғылымның өзара табысты ынтымақтастығы үшін соңғы бірнеше жылда зерттеулердің жалпы ревизиясын жүргізу қажет. Сонымен қатар, М.Әбеновтың айтуы бойынша, сыртқы нарыққа шоғырландыру қажет, мысалы, Қытай мен Ресейге. Сондай-ақ Қазақстанның ЕАЭО-да болуы инновациялық технологияларды алға жылжыту тұрғысынан ел үшін оң әсерін тигізуі тиіс. «Дағдарыстан кейінгі жағдайда осындай жобалар болуы керек. Бұл жобада іс жүзінде инновациялық әлеуеті әлі тартылмаған  бизнес үлкен рөл атқаруы мүмкін». Бұл кәсіпкерлерге нақты нәтиже алуға көмек береді»,-деді М. Әбенов.

Индира Қауметова

Барлық жаңалықтар