- Басты
- Жаңалықтар
- Қазпочта: Қазақстанда 100-ге жуық бөлімше жаңғыртылды (ФОТО)
Қазпочта: Қазақстанда 100-ге жуық бөлімше жаңғыртылды (ФОТО)
«Бүгінгі күні елімізде 100-ге жуық бөлімше жаңғыртылды немесе ішінара жаңартылды, Астана қаласында қазірдің өзінде клиенттер арасында өзін танытып үлгерген әрі өзінің тиімділігін дәлелдеген 2 супермаркет ашылды. Қызмет көрсетудің бұл форматы еліміздің бүкіл өңірінде енгізілетін болады. Бүгін біз клиенттерімізге сервисті және қызметтерді ұсынудағы жеделділікті айтарлықтай арттыруға мүмкіндік беретін, жаңа көп функционалды бөлімшені таныстырдық», - деп «Қазпочта» АҚ баспасөз қызметінің басшысы Байрам Азизов мәлімдеді.
Сонымен қатар, Астана қ. жаңартылған Орталық бөлімше енді клиенттер үшін бірнеше залдарға бөлінген: пошталық және қаржылық қызметтер бойынша жеке тұлғаларға арналған операциялық залдар, корпоративтік клиенттерге қызмет көрсету орны, сәлемдемелер супермаркеті, өзіне-өзі қызмет көрсету орны және айырбастау пункті.
Пошталық және қаржылық қызметтер бойынша жеке тұлғаларға арналған операциялық залдар аптасына 7 күн, жұмыс күндері сағат 08:00-ден 19:00-ге дейін, сенбі күні – сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін, ал жексенбі күні сағат 10:00-ден 15:00-ге дейін жұмыс істейтін болады.
Орталық залда клиенттерге қызмет көрсету форматы, ішінара, ыңғайсыз кабиналардың орнына – сәлемдемелер супермаркетіне алмастырылған.
Осы формат қазірдің өзінде өзін таныта білді. Ол компанияның өндірістік шығыстарын айтарлықтай қысқартуға, персоналға және қосымша алаңға қаражатты жұмсамай өткізу мүмкіндігін арттыруға, ал клиент үшін – сәлемдемені жіберуге және алуға арналған уақытты айтарлықтай азайтуға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, клиенттер үшін аптасына бес күн корпоративтік клиенттерге қызмет көрсету орны жұмыс істейді. Жұмыс графигі 09:00 – 18:00.
Өзіне-өзі қызмет көрсету орнына поштамат, банкоматтар мен төлем терминалдары кіреді. Айырбастау пункті секілді, осы қызмет көрсету орны да аптасына 7 күн сағат 08:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс істейтін болады.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Қазақстанда дизель отынының бағасы қанша -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Қазақстанда халықты емханаға тіркеу науқаны қашан басталады