Қазақстан мен Ресей Президенттері Сочиде кездесу өткізеді

15 Тамыз, 2016 15:31
Ақорданың баспасөз қызметі Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін алдағы іс-шаралар аңдатпасын жариялады.

16 тамызда Сочи қаласында Нұрсұлтан Назарбаевтың Ресей Федерациясы Президенті В.Путинмен екіжақты кездесуі өтеді.

Келіссөздер барысында Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының кең ауқымды мәселелері, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі жайттар талқыланады деп күтілуде.

 

 

Барлық жаңалықтар