- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Премьер-Министрі Алматыдағы тұрғын үй салу барысымен танысты
ҚР Премьер-Министрі Алматыдағы тұрғын үй салу барысымен танысты
«Бүгінгі таңда Алматының Бас жоспарында іске қосу жоспарланған «Сайалы» шағын ауданының 98 үйінің 65-і салынды. Жаңа тұрғын үй кешендері Өңірлерді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында іске қосылды»,-деп хабарламада айтылған.
Шағын ауданның құрылыс барысы туралы Премьер-Министрге Алматының Алатау ауданы әкімі Б. Манзоров баяндады. Негізінен пәтерлер кезекте тұрғандар мен жас отбасыларға арендалық тұрғын үй ретінде, сондай-ақ ипотекалық несиелеу бағдарламасы бойынша ұсынылады. Қазіргі уақытта жоспарланған «Сайалы» шағын ауданында 320 орындық балабақша мен көп қабатты паркинг пайдалануға берілді.
2016 жылғы қаңтар-маусымда Алматының негізгі капиталына инвестициялар 200 млрд теңгеден асты, оның ішінде құрылыс жұмыстарының көлемі 93,3 млрд теңгені құрады. Бірінші жартыжылдықта 803,5 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, ол 2015 жылғы қаңтар-маусымға қарағанда 4,9%-ға артық.
Барлығы өткен жылдың қорытындысы бойынша Өңірлерді дамыту бағдарламасы аясында жалпы еліміз бойынша шамамен 1 млн шаршы метр тұрғын үй салынды және тұрғын үй салу аудандарында инженерлік коммуникациялар салу бойынша 176 жоба жүзеге асырылды. 2016 жылдың бірінші жартыжылдығында республикада 183,774 мың шаршы метр арендалық және несиелік тұрғын үй пайдалануға берілді.
Анықтама үшін:Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасын ҚР Үкіметі 2014 жылы бекіткен.
Бағдарламаның мақсаты – елдің рационалды аумақтық ұйымын қалыптастыру, экономикалық өсім орталықтарында халық және капитал шоғырлануын ынталандыру арқылы өңірлердің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін дамыту үшін жағдай жасау.
2016 жылы бағдарламаны жүзеге асыруға республикалық бюджеттен 92,6 млрд теңге қарастырылды, оның ішінде арендалық және несиелік тұрғын үй, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салуға, елді мекендердегі сумен қамту желілерін жаңғыртуға, топтық су таратқыштарды салуға және жөндеуге, газбен қамту желілерін жаңғыртуға, сондай-ақ аумақты рационалды дамыту бойынша жобаларға бағытталған.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
МӘМС: Сақтандырылмаған тұрғындар кімдер және олар қалай тіркеледі -
Зейнетақы жүйесіне қандай өзгерістер енгізілмек -
Халық санағы: Үй аралау кезіндегі ерекшеліктер, аралық қорытынды және қауіпсіздік шаралары -
COVID-19: Әлемнің қай елдерінде балаларға вакцина салуға рұқсат етілді -
Тұрғын үй нарығында тұрақтылық бар ма -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды