- Басты
- Жаңалықтар
- «ҚТЖ» мен «China COSCO Shipping Corporation ltd» даму стратегиялары Еуразия құрлығында тоғысады
«ҚТЖ» мен «China COSCO Shipping Corporation ltd» даму стратегиялары Еуразия құрлығында тоғысады
Қонақтар Алтынкөл станциясын, құрғақ порт инфрақұрылымын, «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА-ның логистикалық және индустриалды аймақтарын аралады. Сондай-ақ, олар құрғақ портта контейнерлерді қытайлық тар жолтабаннан (1435 мм) қазақстандық жалпақ (1520 мм) жолтабандарға қайта тиеу үдерісімен танысты.
««Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА – қарқынды дамыт келе жатқан аймақ. Ол еліміз бен компаниямыздың экономикалық дамуының драйвері болып табылады»,- деді «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ вице-президенті Қанат Алпысбаев.
«China COSCO Shipping Corporation ltd» өкілдері олар үшін «ҚТЖ» ҰК» АҚ-мен стратегиялық серіктестіктің маңыздылығын атап өтті.
«Біздің компаниялар Еуразия құрлығында логистикалық орталықтарды дамыту мақсатында бірдей қызығушылық танытуда. Сондықтан, біздер тоғысу нүктелерін тауып, бірлескен жобаларымызды жүзеге асыруымыз керек», - деді «China COSCO Shipping Corporation ltd» бас директорының орынбасарыХуан Сяовэн.
«Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА» ЖШС бас директорының орынбасары Хишам Белмаши көлік-логистика хабының тұсаукесерін өткізді. Негізінен, Алашанькоу-Достық және Алтынкөл-Қорғас қазақстан-қытай шекара өткелінде пойыздарды өңдеу уақыты айтарлықтай қысқарғаны атап өтілді. Сондай-ақ, жаңа теміржол желілерін іске қосқалы қазақстандық магистарльдары арқылы қатынайтын транзитті құрамдардың жылдамдығы артқаны айтылды.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді