- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР-да үздік ғылыми әзірлемелерге арналған гранттық бағдарлама іске қосылды
ҚР-да үздік ғылыми әзірлемелерге арналған гранттық бағдарлама іске қосылды
“Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік Банкпен бірлесе отырып елдегі коммерцияландыру жүйесін дамыту шеңберінде «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасын іске асыруды бастады. Жобаның мақсаты ел үшін жоғары сапалы, өзекті зерттеулер жүргізуді және технологияларды коммерцияландыруды ынталандыру болып табылады”, - деді ол.
Осы жоба инновациялық жобаларды және технологиялық стартаптарды іріктеп алуда және оларға қолдау көрсетуде нарықтық әдістерді енгізуге, сондай-ақ жеке сектордың қатысуына қолдау жасау жолымен ұлттық инновациялық жүйенің маңызды институттарының әлеуетін нығайтуға, яғни бірегей жобаларды әзірлеуден бастап бизнес-процеске жеткізуге дейін қолдау жасауға бағытталған.
2016 жылы Жобаны іске асырудың бірінші кезеңі – өз ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұсынған Аға ғылыми қызметкерлер тобы мен Кіші ғылыми қызметкерлер тобын гранттық қаржыландыруға конкурс басталады. Аталған конкурс шеңберінде берілген жобалар үшжылдық іске асыру кезеңіне арналған.
“Гранттар өндіріске енгізу және/немесе нарыққа шығару арқылы коммерцияландыруға арналған технологиялар әзірлеу үшін ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-құрастыру жұмыстарын жүргізуге тілек білдірген белгілі қазақстандық ғалымдарға, жас талантты зерттеушілер мен кәсіпкерлерге берілетін болады”, - деп айтты Б.Асылова.
Ол айтып өткендей, гранттың берілу мерзімі – 3 жыл. Гранттың ең көп мөлшері:Аға ғылыми қызметкерлер тобы үшін 230 000 000 (екі жүз отыз миллион) теңгені; Кіші ғылыми қызметкерлер тобы үшін 180 000 000 (жүз сексен миллион) теңгені құрайды.
Жоба елбасы Н.Назарбаевтың «Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам» Ұлт жоспарында көрсетілген міндеттерге, нақтылай айтқанда №64 қадамның өндіріске инновациялар енгізу және ғылыми гранттар мен бағдарламаларды индустриалдық-инновациялық дамудың мұқтажына қайта бағыттауды қосымша қаржыландыру жөніндегі бөлігіне сәйкес келеді.
Индира Кауметова
-
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы -
«Болашақ» бағдарламасы стипендиаттарының тізімі жарияланды -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру -
Үздіксіз білім берудің әлеуеті қалай -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты