- Басты
- Жаңалықтар
- 2016 жылы Алматы азық-түлік белдеуі бағдарламасы аясында қ 54 жобаны жүзеге асыру жоспарланған
2016 жылы Алматы азық-түлік белдеуі бағдарламасы аясында қ 54 жобаны жүзеге асыру жоспарланған
Алматыға жұмыс сапары барысында Кәрім Мәсімов агрохолдингтің ғылыми-өндірістік орталығы мен сүт кешенін аралады, сондай-ақ «Етті мал басы» көрмесін қарап шықты. Жыл сайын «Байсерке Агро» ЖШС 1800 тонна сүт және 1250 тонна ет өнімдерін шығарады, өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге өз үлесін қосып, маңызды болып табылады.
Сондай-ақ, кәсіпорын дәнді дақылдарды өсірумен айналысады. Агрохолдинг активінде шамамен 3600 га егіс жерлері бар, оның 500 га-да жер асты тамшылап суару жүйесі қолданылады. Премьер-Министрге түсімді бірнеше есеге арттыруға мүмкіндік беретін суарудың озық жүйесі көрсетілді.
Ауыл шаруашылығы жерлерін аралау барысында Алматы әкімінің орынбасары Е.Аукенов Кәрім Мәсімовке Алматы маңындағы азық-түлік белдеуін дамыту туралы айтып берді. Осылайша, 2016 жылы азық-түлік белдеуі бағдарламасы аясында құны 56,2 млрд теңге болатын 54 жобаны жүзеге асыру жоспарланған.
Кәрім Мәсімов Қазақстанда АӨК өсудің маңызды әлеуетіне ие, бірақ саланы одан әрі дамыту үшін қазақстандық шаруалар ғылыммен тығыз байланыс орнату қажет екенін айтып өтті.
«Байсерке-Агро» базасында ғылыми кластер құрылғанын айта кеткен жөн. Агрохолдинг Қазақ өсімдікті қорғау және карантині ҒЗИ, Қазақ мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі ҒЗИ ғалымдарымен белсенді ынтымақтастық жүргізеді.
Соңында Премьер-Министр асыл тұқымды жылқы өсіретін жылқы зауытын аралады.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда