- Басты
- Жаңалықтар
- JOGMEC жапон корпорациясы алғаш рет Қазақстанда геологиялық барлау жұмыстарын бастайды
JOGMEC жапон корпорациясы алғаш рет Қазақстанда геологиялық барлау жұмыстарын бастайды
Жоба шеңберінде геологиялық барлау жұмыстары Қарағанды облысының Қаражал қаласынан 50 км орналасқан сирек металдар кен орындарында жүрізілетін болады.
«Бастапқы кезеңде компания сирек элементтер құрамының өнеркәсіптік маңызы бар екенін растау үшін сынамалар іріктеу жұмысын жүргізуді жоспарлауда. Алғашқы кезең жұмыстары 2 жыл мерзімге есептелген. Оң нәтиже алынған жағдайда, геологиялық барлау жұмыстары «Қазгеология» АҚ-тың JOGMEC-пен ынтымақтастығы орнатылып, жалғастырылады»,- делінген хабарламада.
Айта кетейік, JOGMEC (Japan Oil, Gas and Metals National Corporation) – жапон компанияларымен бірге мұнай, газ және металдар барлау, өндіру жобаларын іске асыратын жапон мемлекеттік корпорациясы болып табылады.
Корпорация бүкіл дүние жүзі бойынша мұнай, газ және қатты пайдалы қазбалар кен орындарын зерттеу әрі өндіру жөніндегі жобаларға қатысады, сондай-ақ геологиялық, геофизикалық зерттеулерді қоса алғанда, қоршаған орта үшін зиянсыз әдістерді пайдаланып, ғылыми зерттеулер жүргізеді.
JOGMEC геологиялық зерттеулер жүргізуді қоса алғанда, пайдалы қазбалар өндіру, сондай-ақ кен орындары қорларын есептеу жөніндегі жобаларға қолдау көрсетеді.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
А.Балаева: «Astana Media Week» - әлемдік медиа мамандарын біріктіретін жоба -
Қазақстанда дизель отынының бағасы қанша