Жамбыл облысында 9 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды

15 Тамыз, 2016 14:57
2016 жылдың қаңтар-маусымында жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен барлығы 12777 адам қамтылды, деп хабарлады облыс әкімдігі.

Оның ішінде мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар, өңірлерді дамыту бағдарламалары шеңберінде жүзеге асырылып жатқан жобаларда - 852 адам (Жұмыспен қамту жол картасы шеңберінде - 436), мемлекеттік қолдау шаралары қарастырылмаған жұмыс орындарына - 6073 адам (Жұмыспен қамту жол картасы шеңберінде - 1813) жұмысқа орналасты.

 Әлеуметтік жұмыс орындарымен 1152 адам (Жұмыспен қамту жол картасы шеңберінде - 681), жастар практикасымен - 1267 адам қамтылды (Жұмыспен қамту жол картасы шеңберінде - 714), ақылы қоғамдық жұмыс орындарына - 2864 адам, кәсіби оқытуға 445 адам (Жұмыспен қамту жол картасы шеңберінде - 275) бағытталды.  Шағын несие 124 адамға берілді (Жұмыспен қамту жол картасы-2020 шеңберінде – 124).

2016 жылдың 1 шілдесіне  уәкілетті органдарға 13215 жұмыссыз жүгінген, оның ішінде 9344 адам жұмыспен қамтылды (жұмысқа орналасу деңгейі 70,7%).

Ресми тіркелген жұмыссыздық деңгейі 2016 жылдың 1 шілдесіне жыл басындағы 0,3%-ға қарсы 0,8% құрады.

Барлық жаңалықтар