- Басты
- Жаңалықтар
- ДСӘДМ: Қазақстанда «Еңбек жолы» республикалық байқауы басталды
ДСӘДМ: Қазақстанда «Еңбек жолы» республикалық байқауы басталды
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, іс-шараның мақсаты – жастарды еңбекті құрметтеуге тәрбиелеу; еңбек дәстүрлерін сақтау және арттыру; еңбек адамдары туралы жағымды қоғамдық пiкiр қалыптастыру және жаңа еңбек әулеттерін құру үшін кәсіпорындар мен ұйымдарда жағдай жасау болып табылады.
Аталған байқау Мемлекет басшысының «Жалпыға ортақ Еңбек қоғамы» идеясының аясында еңбек адамының қоғамдағы беделін арттыруға және өнімді еңбек етуіне ынталандыруға ықпал етеді.
“Байқау номинациялары төмендегідей: «Үздік еңбек әулеті» номинациясында еңбек өтілі ең ұзақ, марапаттар саны ең көп әулеттер ұсынылады.жұмыс өтілі 5 жылдан аспайтын, ең белсенді және еңбекқор өндіріс жұмыскерлері «Өндірістің үздік жас маманы» номинациясы бойынша;жұмыс өтілі кемінде 20 жыл, өте тиімді жұмыс істейтін тәлімгер үшін «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» номинациясы белгіленді”, - делінген хабарламада.
Байқау өңірлік және республикалық деңгейде өткізілетін болады. Қазіргі таңда жергілікті атқарушы органдар байқаудың өңірлік кезеңіне қатысушылар өтінімдерін қабылдауда.
Республикалық кезеңнің жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімін ағымдағы жылғы қыркүйекте «Жалпыға ортақ Еңбек қоғамына» республикалық форумы өтетін күні Астана қаласында өткізу жоспарланып отыр.
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
«Ónerpaz bolsań…» атты байқауға өтініш қабылдау басталды