• Басты
  • 2013 жылдың бірінші жарты жылдығында қайта өңдеу секторына тікелей құйылған шетелдік инвестиция көлемі 1,6 млрд АҚШ долларын құрады – «KAZNEX INVEST»
29 Қараша, 2013 16:58

2013 жылдың бірінші жарты жылдығында қайта өңдеу секторына тікелей құйылған шетелдік инвестиция көлемі 1,6 млрд АҚШ долларын құрады – «KAZNEX INVEST»

ҚР-да биылғы жылдың бірінші жартжылдығында қайта өңдеу секторына тікелей құйылған шетелдік инвестиция көлемі 1,6 млрд АҚШ долларын құрады, деп хабарлайды «KAZNEX INVEST» баспасөз қызметі.
2013 жылдың  бірінші  жарты  жылдығында   қайта өңдеу  секторына  тікелей  құйылған шетелдік   инвестиция   көлемі 1,6 млрд  АҚШ  долларын   құрады – «KAZNEX INVEST»

 «ҚР-да биылғы жылдың бірінші жарты  жылдығында  қайта өңдеу секторына тікелей құйылған шетелдік инвестиция көлемі 1,6 млрд АҚШ долларын құрады. Бұл өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 5,2%-ға артық. Биылғы жылдың бірінші жартжылдығында қайта өңдеу секторына тікелей құйылған шетелдік инвестиция көлемін анықтау аясында металлургия өндірісі мен дайын металдарды өңдеу саласында, машина мен қондырғыларды қоспағанда  аталмыщ өндіріс көлемінің 16%-ға артып, 1,3 млрд АҚШ долларын құрағаны анықталды. Бұл сала еліміздегі қайта өңдеу өнеркәсібінің көшбасшы  саласы болып табылады», - делінген хабарламада.

Ал тамақ өндірісі, сусын мен темекі өндірісі 78%-ға артып, 234 млн долларды құраған. Компьютерлік, электроника және оптика өнімдеріне тікелей құйылған шет елдік инвестиция көлемі керісінше 49%-ға азайып, 64,8 млн долларға жетті.

Сонымен қатар, резеңке және пластмасса өнімдері 79%-ға артты да 31,5 млн долларды құрады. Химиялық өнеркәсіп өнімдері 43%-ды құрай отырып, 22,3 млн. Долларға жетті.

Айта кету керек, бүгін Астанада ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің инвестиция бойынша комитетінің төрағасының орынбасары Руслан Тасбергеновтың, ««KAZNEX INVEST» Экспорт және инвестиция бойынша Ұлттық агенттігі» АҚ Басқарма Төрағасы Қайрат Қармановтың және Қазақстандағы Vicat Group France компаниясының төрағасы Бұлытай Мұртазаның қатысуымен «KAZNEX INVEST»  баспасөз конференциясы өтті.

Конференция барысында спикерлер Агенттіктің шетелдерде Қазкақстанның инвестициялық мүмкіндіктерін таныстыру жолында қолға алынып жатқан шаралар барысымен таныстырды. Биыл шетелдік инвесторлардың қатысумен қолға алынған жоспарлы істер шеңберінде 330 шет елдік компанияның қатысумен шет елдерде 3 роуд-шоу ұйымдастырылды. Аталмыш елдердің қатарында Жапония, АҚШ, Бразилия бар.

Спикерлердің айтуынша, Агенттік жұмысының бетке ұстары ретінде әлемдік екі ірі автоконцерн Toyota имен Peugeot-ны еліміздің өндірісіне тартуды атады. Сонымен қатар, Түркия, Италия, Ұлыбритания, Германия мен Швейцарияның автомобиль құрастыру саласындағы, химия өнеркәсібіндегі, энергетика мен трансопрттағы қызығушылықтары байқалды. 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды