• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР Премьер-Министрі Алматы қаласындағы арнайы экономикалық аймақтың даму барысымен танысты

ҚР Премьер-Министрі Алматы қаласындағы арнайы экономикалық аймақтың даму барысымен танысты

15 Тамыз, 2016 11:31
ҚР Премьер-Министрі Алматы қаласындағы арнайы экономикалық аймақтың даму барысымен танысты, деп хабарлады Премьер-Министрдің ресми сайты.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің маңызды бағыттарының бірі ретінде экономиканың болашақтағы дамуы таңдалды. Бұл міндетті орындау шешімінің бір бөлігі инвесторларға арнап қолайлы жағдай, оның ішінде арнайы экономикалық аймақтарды дамыту арқылы салық жағдайын жасау болып табылады. Алматыдағы Инновациялық технологиялар паркі (ИТП) ғылымды қажет ететін экономика мен өндірістерді қалыптастыру бойынша маңызды мемлекеттік міндетті атқарады.

ҚР Премьер-Министріне технопарктің дамуы туралы «ИТП» ДҚҚ бас директоры С. Кеттебеков баяндады.

Бүгінде ИТП АЭА-да 145 компания жұмыс істейді және өнімдер мен қызметтердің 500-ден астам түрін шығарады, олардың арасында шетелдік қатысы 14 компания (Ресей, Оңтүстік Корея, Израиль, Қытай, Германия, Италия) және 35 компания эксаумақтық қағидаты бойынша жұмыс істейді.

ИТП барлық жобаларының 60%-ы ақпараттық және коммуникациялық технологиялар саласында, ал қалған 40%-ы мұнай-газ секторы, аспап жасау саласында жүзеге асырылып жатыр, энергия тиімділігі бойынша міндеттерді атқарады.

Сонымен қатар, технопарктің екінші кезеңінде ғылыми оқу орындарының ғимараттары– Қазақстан-Британ техникалық университеті және әлемдік деңгейдегі «Кәсіпқор» Холдингі» колледжі салынуда. Сәтпаев атындағы ҚазҰТЗУ ректоры И. Бейсембетов Премьер-Министрге KBTU Drilling Centre құрылысының барысы жайлы баяндады. Премьер-Министрге кәсіпорынның өндірістік барысымен және өнімдерімен «DS Multimedia» ЖШС  бас директоры Х. Нұркенов таныстырды.

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Е.Әукеновтің мәліметі бойынша, 2013-2016 жылдары ИТП» АЭА инфрақұрылымының екінші кезеңінің құрылысына 13,5 млрд теңге бөлінді. Қазірдің өзінде инженерлік желілердің шамамен 72%-ы салынып, 9,04 млрд теңге игерілді. Биыл 4,45 млрд теңге болатын инфрақұрылым құрылысын аяқтау жоспарланып отыр. Жол құрылысы – 78%-ға, газбен жабдықтау құбырларын салу –  96,5%-ға, сумен қамтамасыз ету және су бұру құбырлары – 88%-ға, әкімшілік-тұрмыстық кешен және  өрт сөндіру депосы – 67%-ға аяқталды.

Айта кетейік, «100 нақты қадам» Ұлт Жоспары бағдарламасында Мемлекет басшысы Қазақстанда ғылымды қажет ететін экономиканы қалыптастыру үшін екі инновациялық орталықты айрықша атап айтты. Бұл – Астана қаласындағы Назарбаев Университетінің «Астана бизнес-кампус» және Алматы қаласындағы Инновациялық технологиялар паркі.

 

 

 

Барлық жаңалықтар