- Басты
- Жаңалықтар
- Кәрім Мәсімов Орынбор облысына жұмыс сапарымен барды
Кәрім Мәсімов Орынбор облысына жұмыс сапарымен барды
Қазақстан Премьер-Министрінің жұмыс кестесінде ресейлік газ өңдеу зауытына баруға айрықша көңіл бөлінді, себебі «Орынбор газпром өндіру» ЖАҚ жұмыс жасайтын негізгі ресурстардың бірі Қарашығанақ газ конденсат кен орнының газы болып табылады. Орынбор зауытында қазақстандық газды өңдеу үкіметаралық келісімдер аясында 2007 жылдан бастап жүзеге асырылып келеді. Жыл сайынғы Қарашығанақ газының жеткізу көлемі 8 млрд м3 (+/- 10%) құрайды.
Премьер-Министрмен бірге ОГӨЗ технологияларымен энергетика министрі Қанат Бозымбаев пен Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов танысты.
Бұл жоба бойынша ынтымақтастық мәселелерінің бірі Қарашығанақ кен орнындағы өндіру көлемінің көбіне «Орынбор газпром өндіру» ЖАҚ жұмысына байланыстылығы болып отыр. Осылайша, 2016 жылдың шілде-тамызындағы жоспардан тыс жөндеу жүргізуге ОГӨЗ жұмысын тоқтатуы Қарашығанақ жобасындағы сұйық көмірсутектерді өндірудің 64 мың тоннаға төмендеуіне алып келді (ақшалай мәнде шығын шамамен $24 млн құрады).
Қазіргі таңда бұл мәселені шешудің екі нұсқасы ұсынылды: Қарашығанақ газын жеке өңдеу кестесі арқылы ОГӨЗ жаңғырту және Қазақстан Республикасы аумағында газ өңдеу зауытын салу.
Сонымен қатар, Қазақстан газ саласының дамуына зор мән береді. Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында Кәрім Мәсімов кеңес өткізіп, оның қорытындысы бойынша ҚР Энергетика министрлігі мен «ҚазМұнайГаз» АҚ-на проблемалық мәселелерді жете пысықтап, тиімді шешімдер қабылдауды тапсырған болатын.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Шетелдердегі қазақтармен жұмыстың өзектілігі -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
АШМ: Астық өндіруші елдер, дәнді-дақылдар қоры және егін жинау жұмыстары -
Есірткі қылмысы мен нашақорлыққа қарсы күрес жұмыстары қалай жүргізілуде -
Пандемия басталғалы өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамту 37% -ға төмендеді -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары