- Басты
- Жаңалықтар
- Шри-Ланка «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысу туралы келісімшартқа қол қойды
Шри-Ланка «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысу туралы келісімшартқа қол қойды
Ақпарат бойынша, сапар барысында қазақстандық дипломат Шри-Ланканың өнеркәсіп және сауда Министрі Ришад Басиудинмен, Шри-Ланка ұлттық секциясының комиссары-«Huejay International» корпорацияның басқарма төрағасы Хуберт Джайкоди және еліміздің іскер топтарымен кездесті.
Өнеркәсіп және сауда министрлігінде тараптар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселесі бойынша ой бөлісті. «ЭКСПО-2017» Комиссары ланкейлік жаққа Қазақстанды қолдағандарына алғысын білдірді.
«ЭКСПО-2017» көрмесіндегі Шри-Ланка ұлттық секциясының комиссарымен кездесу барысында әңгімелесушілер мемлекеттік көрмеге қатысу жағдайын және ланкейлік павильоннның тұратын орнын анықтады. Шамамен оның аумағы 526 шаршы метрді құрады. Сонымен қатар, Х.Дейкоди 2117 жылдың 19 шілде айында «ЭКСПО-2017» көрмесінде Шри-Ланканың ұлттық күнін өткізу туралы өтінішін білдірді және оған Шри-Ланка Президенті Майтрипала Сириены қатысады деп жоспарланған.
Р.Жошыбаев сөз барысында Шри-Ланканың астанадағы көрмеге қатысуы екі ел арасындағы қарым-қатынасқа айтарлықтай қадам болатындығын айтып өтті. 12 алдыңғы халықаралық көрмеде Шри-Ланканың Комиссары болған Х. Джайкоди «ЭКСПО-2017» көрмесіне дайындықты жоғары бағалады және Шри-Ланканың «жасыл» энергетика саласында елде қолданып жүрген технологияларды көрсететіндігін жоспарлап жатқандығын мәлімдеді. Комиссардың айтуы бойынша,бүгінгі күні Шри-Ланкада жалпы орнатылған энергетикалық нысандардың қуаттылығы 3,9 ГВт-ны құрайды, оның ішінде 11 пайызы немесе 448 МВт жаңартылатын энергия көздері бойынша жұмыс істеп жатыр. 2030 жылға қарай, Шри-Ланка 100% электр энергиясын өндіру үшін жаңартылатын энергияның үлесін көбейтуді жоспарлап отыр.
Кездесу қорытындысы бойынша, Р.Жошыбаев пен Х.Джайкоди өнеркәсіп және сауда министрі Р. Басиудин мен Индиядағы ҚР Елшісі және бір мезгілде Шри-Ланкадағы елші Б. Сәрсенбаевтың қатысуымен Шри-Ланканың «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне қатысу туралы Келісімшартына қол қойды.
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары -
Маңғыстау мен Қызылорда облыстарында құрғақшылыққа байланысты қолға алынған шаралар -
Тамыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысуға өтініш қабылдау басталды