Қазақстанда бөлшек сауда көлемі 4038,8 млрд. теңгені құрады

13 Тамыз, 2016 14:32
Қазақстанда 2016 жылғы қаңтар-шілдеде бөлшек сауда көлемі 4038,8 млрд. теңгені немесе 2015 жылдың тиісті кезең деңгейімен салыстырғанда 99,3% құрады (салыстырмалы бағада), деп ҚР ҰЭМ Статистика комитеті хабарлайды.

Сонымен қатар, 2016 жылғы қаңтар-шілдеде көтерме сауда көлемі 9223,9 млрд. теңгені немесе 2015 жылдың тиісті кезең деңгейімен салыстырғанда 93,7% құрады (салыстырмалы бағада).

2016 жылғы қаңтар-маусымда сыртқы сауда айналымы 28033 млн. АҚШ долларын құрап, 2015 жылғы каңтар-маусыммен салыстырғанда 30,4% төмендеді, соның ішінде экспорт – 16786,8 млн. АҚШ долларын (31,7% аз), импорт – 11246,2 млн. АҚШ долларын құрады (28,4% аз).

2016 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша тіркелген заңды тұлғалардың саны 373950 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 5,5% артты, оның ішінде 100 адамнан кем қызметкерлері бар – 364908 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың саны 233469 құрады, оның ішінде 224837 бірлік шағын кәсіпорындар (100 адамнан кем).

Тұтыну бағасының индексі 2016 жылғы шілдеде 2015 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 105,2% құрады. Азық-түлік тауарларға бағалар – 5,6%, азық-түлік емес тауарларға – 5,2%, халыққа арналған ақылы көрсетілетін қызметтерге – 4,7%-ға өсті. Өнеркәсіп өнімдеріне өндіруші кәсіпорындар бағасы 2016 жылғы шілдеде 2015 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 14,1% жоғарылады.

Барлық жаңалықтар