Жаңатаста жаңа спорт кешені мен 120 пәтердің кілті табысталды

29 Қараша, 2013 17:00
Жамбыл облысы Жаңатас қаласында аймақ басшысы Қанат Бозұмбаев 120 пәтер мен спорт кешенінің кілтін табыстады, деп облыстың ішкі саясат басқармасы хабарлады.

«Спорт пен дене шынықтыру - адамдардың денсаулығын жақсартып,  еңбекке қабілетін  арттыруға зор үлес  қосады. Сондықтан Елбасы елімізде спорттың дамуын қатты қадағалап, қамқорлық жасап отыр. Жуырда ғана облысымызда болған Мемлекет басшысы  жаңадан пайдалануға берілген  «Тараз-Арена»  Cпорт сарайын аралап  көріп,  ризашылығын білдірген болатын. Енді, міне,  жақсы істің жалғасындай  тағы бір кешен  спортшыларға есігін айқара ашты.

Жаңа спорт кешенінде 300-ден астам  адамның спорттың 6 түрімен тұрақты  айналысу мүмкіндігі бар. Осы кешеннен облыс  қоржынына олжа салатын  жеңімпаз-дар шыға берсін! Жаңа спорт ғимараты құтты болсын!» - деп ақ тілек арнады  облыс әкімі Қанат Бозымбаев спорт кешенінің ашылу салтанатында  сөйлеген  сөзінде.

Айта кетейік, жаңа спорт кешенінің  4 залы бар. Онда спорттың  шағын футбол, баскетбол, волейбол, грек-рим күресі және тағы басқа түрлерімен айналысуға болады.

 

 

Барлық жаңалықтар