- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада балаларға арналған психо-педагогикалық түзету орталығы ашылады
Астанада балаларға арналған психо-педагогикалық түзету орталығы ашылады
Орталықтың 200 шаршы метрінде 8 бөлме орналасқан. Бөлмелер түрлі емдік дене шынықтыру құрылғыларымен және өремелеу үшін арналған қабырғалармен жабдықталған.
"Балалардың күйзелісін түсіру үшін арналған арнайы сенсорлы бөлме бар. Ондағы жұмсақ еден мен қабырға қандай да бір жарақат алудан сақтайды – дейді психо-педагогикалық түзету кабинетінің атқарушысы Улан Куаныш. Осындай балаларды емдеудің жаңа әдісі – құмтерапиясы, балалар құмда сурет салумен қатар, әр түрлі пішіндер жасай алады деп атап өтті ол",-деп хабарламада айтылған.
Өкінішке орай, бұл орталықтың ашылуы мәселені толық шешпейді, дейді Астана қаласы білім басқармасының әдіскері Гульнара Камашева. Қала көші-қоны өсіп келеді, осыған байланысты оңалту арқылы көмек көрсетуге мұқтаж балалардың саны да өсіп келеді. Емдеу жұмыстарын ертерек бастасақ, соғұрлым балалардың жағдайы жақсара бастайды. Мені, көмекке мұқтаж отбасыларға тек үкімет тарапынан ғана емес, жеке компаниялардың көңіл бөліп жатқаны қуантады. Мысалы, осы жылы BI Group компаниясы 20 жылдығы аясында үйде оқып жатқан 20 балаға интернет желісіне қосылған ноутбуктерді сыйға берді, деп атап өтті ол.
Бұл орталықты құруға жиналған қаражат 2015 жылдың желтоқсанында өткен қысқы қайырымдылық балы аясында жиналды. – Біздің шара «Әрбір бала – мектепке лайық» ұранымен өтті. Жиналған 28 миллион теңге осы орталықтың ашылуына және әр түрлі мектептегі ерекше қажеттіліктері бар балалар үшін бірнеше кабинеттердің ашылуына жұмсалды, дейді «Болашақ» корпоративтік қорының директоры Динара Чайжунусова.
Біздің Қор мүшелерінің бірі BI Group компаниясының басшысы Айдын Рахимбаев, соның арқасында мұнда жылдам және сапалы жөндеу жұмыстары жасалды, пандус жасалып, сантехника орнатылды. Осы үшін біздің Қордың атынан BI Group компаниясына алғысымды білдіремін, дейді Динара Чайжунусова.
Анықтама: Астанада ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған бірнеше орталықтар бар. Болашақта қоғамның көмегіне мұқтаж балалар үшін осындай орталықтар желісінің санын ұлғайту жоспарлануда.
-
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
COVID-19: Әлемнің қай елдерінде балаларға вакцина салуға рұқсат етілді -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
ІІМ: Балаларға қарсы қылмыстардың жолын кесу және есірткінің таралуын болдырмау шаралары -
IT-стартаптарды қаржыландыруға арналған "Seed money" бағдарламасының шарттары -
Мүгедектігі бар адамдардың құқығын қорғау бойынша заңнамаға түзетулер енгізілмек -
«Зерде» холдингі»: Цифрлық трансформация орталығы, штат санының қысқаруы және холдинг кірістері -
Әлеуметтік қызметтер порталын қолдау бойынша байланыс орталығы іске қосылды -
Азаматтарға арналған үкімет: ЭЦҚ алуды жеңілдету, автокөлікті қайта тіркеу және цифрландыру -
2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасының ерекшеліктері -
Ахмет Жұбановтың 115 жылдығына арналған концерт онлайн өтті -
Елордада Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған кездесу өтті