- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан мен Армения аграрлық саладағы ынтымақтастықты талқылады
Қазақстан мен Армения аграрлық саладағы ынтымақтастықты талқылады
Ауыл шаруашылығы министрімен кездесу барысында Елші Қазақстан және Армения арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың барысымен таныстырып, оны арттырудың шараларын ұсынды.
Кездесуде жаңа көліктік бағыттарды белсенді пайдалану туралы пікілер айтылып, тауарларды көршілес Иран елінің аумағы арқылы алып өту, бұған қоса екі елдің кәсіпкерлер қауымдастығына Қазақстан мен Арменияның нарықтарында жаңа іскерлік тауашаларды табуға көмек көрсетіп, сауда қызметтерін қоса жақсарту жолдарын іздестіру туралы айтылды.
Аймақтың аграрлық бағытын ескере отыра, тараптар келешектегі біріккен өндіріс орындарын жақсартып, консервленген жеміс-көкөніс өнімдерін жеткізудегі ынтымақтастыққа арнайы назар аударылды.
Елші мен С. Карапетян екі елдің арасындағы сауда әлеуетін жақсарту жолдарын сараптап, жақын арада өтетін екіжақты Үкіметаралық комиссияның қарсаңында нақты ынтымақтастықты жандандырудың жаңа тәсілдерін табуда белсенді түрде біріге жұмыс жүргізудің қажеттігін атап өтті.
2016 жылдың 11 тамызында Елші Оразаев Қорғаныс Министрі Серан Оганянмен кездесті.
Кездесу барысында жақын күндері Ереван қаласында өтетін Ұжымдық Қауіпсіздік Шарт Ұйымына (ҰҚШҰ) мүше елдердің қорғаныс министрлерінің мәжілісін өткізуге дайындығы сарапталды. Сонымен қатар кездесуде халықаралық және өңірлік қауіпсіздік, қақтығыстар аумағындағы желілердегі тұрақтылық сұрақтары талқыланып, бітімгершілік миссияларға қатысу тәжірибелері, Ауғанстандағы қазіргі әскери жағдай барысындағы ынтымақтастасу мониторингі, сонымен қатар жоғарғы әскери оқу орындарындағы маман кадрлерін дайындау мен оқу-жаттығу шаралары талқыланды.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды