- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан мен Аустрия екіжақты байланысты дамыту жолында
Қазақстан мен Аустрия екіжақты байланысты дамыту жолында
Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу шеңберінде Клагенфурт қаласының «Europahaus» қабылдау үйінде "Тұмар" фольклорлық және "Қазына" би ансамбльдерінің қатысуымен «Қазақстан маржандары» атты концерт өтті. Концертке Каринтия федералдық жерінің қоғамдық-саяси және іскер ортасының өкілдері қатысты.
Сонымен қатар, 5-6 тамыз аралығында Филлах қаласында биыл 73-ші рет ұйымдастырылып отырған Еуропадағы ең iрi "Villacher Kirchtag" халықаралық фольклорлық фестивалiне Қазақстан алғаш рет қатысып, еліміздің атынан Оңтүстік Қазақстан облыстық Ш.Қалдаяқов атындағы филармонияның "Тұмар" фольклорлық және "Қазына" би ансамбльдері қазақтың ұлттық өнерін паш етті.
Фестиваль аясында аустриялық және шетелдік фольклорлық ансамбльдер екі күн бойы Еуропаның барлық өңірлерінен келген 50 мыңнан астам көрермен назарына өз өнерлерін ұсынды. 3000-ға жуық ұлттық киім киген қатысушылардың шеруімен қорытындыланған фестивальге Қазақстанның қатысуы, еуропалық қоғамға ұлттық құныдылықтарымызды жақын таныстыруға мүмкіндік туғызды.
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі мен Аустриядағы ҚР Елшілігі және Каринтиядағы құрметті консулы П.Зандриссердің қолдауымен ұйымдастырылған осы іссапар, екі ел өңірлері арасында аймақаралық ынтымақтастықтың дамуына жол ашты.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция