- Басты
- Жаңалықтар
- ЕАЭО елдерінің үкімет басшылары Кеден кодексінің негізгі ережелері бойынша келісімге келді
ЕАЭО елдерінің үкімет басшылары Кеден кодексінің негізгі ережелері бойынша келісімге келді
«ЕАЭО келісімшарттық-құқықтық базасын нығайтуға бағытталған бірқатар маңызды мәселелерді талқыладық. Атап айтқанда, ЕАЭО Кеден кодексінің жобасын іс жүзінде мақұлдадық, шағын бір-екі мәселе қалды, оларды жақын арада шеше алатынымызға сенемін, содан кейін бұл құжат қабылданады», - деді ҚР Премьер-Министрі үкіметаралық кеңес отырысының қорытындылары бойынша өткен баспасөз мәслихатында.
Отырысқа қатысушылардың барлығы ЕАЭО ішіндегі қызметті реттейтін негізгі құжаттың қабылдануының маңыздылығын және ол түпкілікті қабылданатын соңғы мерзімді нақтылау бойынша қол жеткізілген келісімдердің маңыздылығын атап өтті.
«Алға ілгерлеу байқалады, бұл Кодекс бойынша жұмыстар осы күзде аяқталатынына еш күмән жоқ», - деді Беларусь премьер-министрі Андрей Кобяков.
ЕАЭО аясында тауарлардың қадағалануы, дәрі-дәрмектердің ортақ нарығын қамтамасыз ету мен оның жұмысы жайлы мәселелерге ерекше назар аударылды.
Дәрі-дәрмектер айналымы саласын реттейтін құжаттар туралы айта келіп, отырыс қатысушылары ЕАЭО-та бірыңғай қағидалар мен ережелердің жақын арада бекітілуінің маңыздылығын атап өтті.
Армения Республикасының премьер-министрі Овик Абраамянның пікірінше, фармакологиялық өнімдерге қойылатын талаптарды біріздендіретін құжаттардың қабылдануы экономикалық одақ қатысушыларына үшінші елдер нарығына шығуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, Қазақстанның ДСҰ-ына кіруіне орай ЕАЭО аумағында тауарлардың тасымалдануы мен айналымы мәселелерін реттеу қаралды.
«Қазақстан Республикасының ДСҰ-ына кіруіне байланысты одақтың кеден аумағында тауарлардың тасымалдануы мен айналымы туралы бүгін шығарылған шешім техникалық сипатта дегенмен, бұл құжат - маңызды. Себебі, ол Қазақстан кедендік әкелім бажыныңтөменгі мөлшерлемесін қолданған жағдайда ашықтықты қамтамасыз етіп, тіпті,біздің ішкі қарым-қатынасымызды уақытылы әрі өркениетті түрде реттейді», - деді БР Премьер-Министрі.
Сонымен қатар, отырыс кезінде Қырғызстан мен Қазақстан үкіметтерінің арасында қысқа мерзім ішінде қырғызстандық жүктерге қатысты біріздендірілген теміржол тарифтерін қолдану бойынша келісім әзірленетіні туралы келісімге қол жеткізілді.
«Бүгін өте маңызды кездесу болды деп ойлаймын. Премьер-министрлердің жиі кездесулері бірқатар мәселелерді шешуге сындарлы көзқараспен қарауға мүмкіндік береді», - деді атқарылған жұмыстарды қорытындылаған Кәрім Мәсімов.
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Жолдау-2021: Ғылым саласындағы негізгі өзгерістер -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Сенсорлық интеграция бойынша жаттықтырушыларды оқыту басталды -
Антикор: Қылмыстық істер бойынша 110 лауазымды тұлға ұсталды -
Көмірсутек шикізаты бойынша жер қойнауын пайдалану саласының дамуы -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
ЕАЭО дамуының негізгі бағыттары