- Басты
- Жаңалықтар
- Қостанайлық балалар үйінің тәрбиеленушілері Мадридтегі «Атлетика» футбол клубында болып қайтты
Қостанайлық балалар үйінің тәрбиеленушілері Мадридтегі «Атлетика» футбол клубында болып қайтты
ҚР СІМ ақпараты бойынша Арманға бастайтын жол» - балалар үйінің және мектеп-интернаттардың тәрбиеленушілері арасындағы жалпыұлттық футбол турниры болып табылады, соның жеңімпаздары әлемнің әйгілі футбол клубтарына келуге және әлемдік футбол жұлдыздарымен кездесуге мүмкіндік алады. Жыл сайын аймақтық ойындардың жеңімпаздары турнир ойындарының финалына қатысу үшін Алматыға жиналады.
Турнирдың негізгі міндеттері балалар үйінің және мектеп-интернаттардың тәрбиеленушілеріне футбол дағдыларын дамыту және ынталандыру; тәрбиеленушілердің моральдық тұрғыдағы адамгершілік жеке және командалық рухын нығайту; тәрбиеленушілердің өзіне өзі сенушілік сезімімен қатар, болашаққа деген сенімділігін арттыру; Қазақстан Республикасында футбол спорт түрін дәріптеу және оны дамыту болып табылады.
2013 жылдан бастау алған «Арманға бастайтын жол» атты турнирдың жеңімпаздары Еуропадағы: «Барселона» (Испания), «Милан» (Италия), «Бавария» (Германия) сияқты футбол клубтарында қонақта болды.
Биыл турнир 28 сәуір айында басталып, Қазақстанның тоғыз өңірінде өткізілді, осы жылы команданың жалпы саны 25 (250 баланы) құрады. Турнир жеңімпазы болып Қостанай облыстық балалар үй тәрбиеленушілерінің футбол командасы ие болды.
Жыл сайын турнир ұйымдастырушылары болып «Бауыржан» қайырымдылық қоры, «Нұр Отан» партиясының қолдауымен, Қазақстан футбол Федерациясы және ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау Комитеті болып табылады.
Сонымен қатар, Қостанай облыстық балалар үйінің тәрбиеленушілері Мадридтегі сапары барысында Қазақстан Республикасының Елшілігінде болып қайтты.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
COVID-19: Әлемнің қай елдерінде балаларға вакцина салуға рұқсат етілді -
ІІМ: Балаларға қарсы қылмыстардың жолын кесу және есірткінің таралуын болдырмау шаралары -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
ІІМ: Балалардың жолдағы қауіпсіздік шаралары -
АҚШ-та балалар арасында коронавирус көбеюде, ал ДДСҰ COVID-19-ға қарсы 3 препаратты сынақтан өткізбекші -
ІІМ: Балалар қауіпсіздігі, бейнебақылау жүйесі, жол ережесі және "Police 102" мобильді қосымшасы -
1 маусым: Балалар құқығы қалай қорғалып жатыр -
Жазғы демалыстағы балалар қауіпсіздігі: Шомылу, өрт қауіпсіздігі және жұмыспен қамту мәселелері -
ІІМ: Учаскелік полицей инспекторының мәртебесі, балалар суициді және жол-көлік оқиғалары -
Президент тапсырмасы: Спорт және балалардың шығармашылық әлеуетін қолдау бойынша қандай іс-шаралар іске асты -
Қазақстанда аутизм диагнозы бар балалар көбейді