- Басты
- Жаңалықтар
- Кешенді жаттықтыруда Қазақстанның әскери байланысшылары ғарыштық байланыс станциясын қолданды (ФОТО)
Кешенді жаттықтыруда Қазақстанның әскери байланысшылары ғарыштық байланыс станциясын қолданды (ФОТО)
Онда байланысшылар жаңа байланыс құралдарын пайдалану мәселелерінде жақсы нәтиже, жоғары машық және керемет білімдерін паш етті. Техникада марш жасай отырып, бөлімшелер көрсетілген ауданға уақтылы шықты және қойылған тапсырмаларды пысықтауға кірісті.
Барлық яғни, телеграфтық, телефондық, радио байланыс құралдары өрістетілді, сондай-ақ, жаңа технологиялар – бұл байланысты жерсерік арқылы жүзеге асыратын ғарыштық байланыс станциясы қолданылды. Жаттықтыруға Бас штабы, Құрлық әскерлері, «Астана», «Оңтүстік», «Батыс», «Шығыс» өңірлік қолбасшылықтары, Әуе қорғанысы күштері, Аэроұтқыр әскерлерінің байланыс бөлімдері мен бөлімшелері тартылды.
Байланыс мамандары жалпы «жақсы» деген баға алып, оқу нормативтері мен тапсырмаларды белгіленген мерзімде орындады. Ауа райының қолайсыздығымен, яғни, жауын-шашын және қатты желмен байланысты барлық қиындықтарға қарамастан, қойылған тапсырмалар сапалы әрі белгіленген мерзімде орындалды. Байланыс бойынша мұндай кешенді жаттықтыру жыл сайын жылына бір рет өткізіледі.
Кешенді жаттықтыруды өткізу кезеңінде бөлімдер мен бөлімшелердің жеке құрамы баға жетпес құнды тәжірибе және практика алды. Далалық және стационарлық байланыс тораптары арасындағы үйлесімділік пен өзара іс-қимылды қамтамаысз ету жөніндегі тапсырмаға қол жеткізілді. Әскери байланыс басқару жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылады және байланыс әскерлері Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін тұрақты және үздіксіз байланыспен қамтамасыз етеді. Байланысшылардың жұмысынан көбінесе жауынгерлік құралдарды қолданудың жеделділігі, уақтылылығы байланысты болады.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Адам саудасымен байланысты қылмыстардың алдын алу шаралары -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді -
Маңғыстау мен Қызылорда облыстарында құрғақшылыққа байланысты қолға алынған шаралар -
Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары оқуға қабылдауды жүргізуде -
Шетелдегі қандастармен мәдени-гуманитарлық байланыс, білім гранттары және қазақ жастарының клубы -
ҚМ: Әскери ынтымақтастық, жауынгерлік дайындық және әскери білім беру мәселесі -
Әлеуметтік қызметтер порталын қолдау бойынша байланыс орталығы іске қосылды