- Басты
- Жаңалықтар
- Қытай-Қазақстан-Түркия бағдарымен Алтынкөл арқылы контейнерлік пойыз өтті
Қытай-Қазақстан-Түркия бағдарымен Алтынкөл арқылы контейнерлік пойыз өтті
Алтынкөл станциясында бекітілген нормативтік уақыт бойынша 3 сағат 55 минуттың орнына 3 сағат 10 минутта контейнерлік пойыз қайта тиелді. «Қорғас–Шығыс қақпасы» АЭА-дағы Құрғақ портта 50 тонналық RMG отырғыш краны және екі RS ричстакерінің көмегімен 40 футтық контейнер қайта тиелімі жүзеге асырылды.
Алтынкөл станциясы мен «Қорғас–Шығыс қақпасы» АЭА ҚҰрғақ портының кадрлық құрамы мен барлық инфрақұрылымы үлкен көлемді жүк ағымын өңдеуге сақадай сай тұр. Бұл жерде кедендік ресімдеуді қоса алғанда жіңішке(1435мм) жолтабанға келген құрамды кең түріне (1520мм) жылдам өңдеп жүзеге асыруға болады.
Белгілі болғандай, осы жылдың мамыр айында «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен Үрімші темір жолы арасында шекара өткелдерінде жүктерді басымдықпен беру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру жөнінде өзара уағдаластыққа қол жеткізілген.
Алтынкөл-Қорғас шекара өткелі контейнерлік жүк ағымын өткізуге бағытталған. Достық-Алашанькоу мемлекетаралық өткел нүктесі арқылы негізінен вагондардағы жаппай, үйілген жүктер мен габаритті емес жүктер тасымалы жүзеге асырылады.
Жалпы алғанда, Алтынкөл станциясы және «Қорғас–Шығыс қақпасы» АЭА арқылы контейнерлік транзитті дамытуда оң динамика байқалады. Өткен жылы Алтынкөл арқылы 22 контейнерлік пойыз өткізілсе, осы жылдың 7 айында 51 контейнерлік пойыз өтті. Егер бұрын транзиттік құрам негізінен Орта Азия – Өзбекстан және Қырғызстан бағыты бойынша жүрсе, енді басқа бағдарлармен жүретін болады.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Мүмкіндігі шектеулі жандар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 150 мыңнан астам қызмет алды -
Елордада «Адамзатқа қызмет ететін ғарыштық технологиялар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті -
Рухани жаңғыру: Павлодар облысында фестиваль өтті -
«Айбынды ардагерлер» акциясы өтті -
Елордада «Жеңіс салтанаты» концерт-спектаклі өтті
-
Ахмет Жұбановтың 115 жылдығына арналған концерт онлайн өтті -
Елордада Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған кездесу өтті -
Мәскеуде Қазақстан мен Ресей әріптестігінің 30 жылдығына орай конференция өтті -
Нұр-Сұлтан қаласында «Құнанбай» спектаклінің премьерасы өтті -
Қорғаныс министрлігінде Қауіпсіздік Кеңесі ведомствоаралық комиссиясының отырысы өтті -
Елордада «Абай» альбомының тұсаукесері өтті -
30 жыл: Елордада «Болашақ» бағдарламасының түлектерімен кездесу өтті