• Басты
  • Жаңалықтар
  • Құрық портындағы паромдық кешеннің құрылысы аяқталуын Әзірбайжан да күтіп отыр

Құрық портындағы паромдық кешеннің құрылысы аяқталуын Әзірбайжан да күтіп отыр

12 Тамыз, 2016 16:33
Құрық портындағы паромдық кешеннің құрылысы аяқталуын Әзірбайжан да күтіп отыр. Бұл туралы Қазақстан Премьер-Министрінің Маңғыстау облысына жұмыс сапары аясында өткен басқосуда «Бакинский теңіз сауда порты» ЖАҚ бас директоры Талех Зиядов мәлімдеді.

Өз сөзінде Талех Зиядов екі елдің экономикалық дамуы мен жалпы аймақтың мүддесі жолында Ақтау портымен көп жылғы әріптестіктің маңыздылығын атап өтті.

«Біздің Ақтау портында болғаныма мен өте қуаныштымын. Мен бұл портты «біздің» деп атауымның себебі, біз Ақтаумен өте жақынбыз»,- деді Бакинский портының жетекшісі.

Ақтау және Баку порттары арасында тұрақты паромды қатынас орнаған. Темір жол паромдары мұнай өнімдерін, халықтық тұтыну тауарларын, астық пен минералды тыңайтқыштар тасымалдап, 253 теңіз милін 18-20 сағатта еңсеруде. Бұл паромдарға 54 темір жол вагоны мен 35 үлкен жүк автомобиліне дейін сыйып кетуде. Айына 1000 бірлікке дейін үлкен жүк тиелетін доңғалақты техника өңделеді екен.

2015 жылдың қорытындысында жүк тасымалдаудың жалпы көлемі 5 млн 897 мың тоннаны құраған. Жылдың алғашқы жартысының қорытындысы – 2 млн 681 мың тонна.

Жиын барысында Т.Зиядов, Қытайдан Еуропаға өтетін транскаспийлік дәліз тізбегінде, Құрық портында салынып жатқан паромдық кешеннің маңызды орын алатынын атап өтті.

«Құрық портындағы паромдық кешеннің тезірек іске қосылуын тағатсыздана күтіп жүрміз», - деді ол.

 Әзірбайжандық  делегация жаңа қазақстандық айлақта болып, оны дамыту жоспарларымен танысты.

Баку портының  басшысы Құрық портының тыныс-тіршілігін өркендетуге барынша қолдау көрсетуге  және теңіз көлігіндегі тасымал қарқыны артқан қазіргі уақытта жүк тасымалының  жылдам әрі ыңғайлы болуы үшін жемісті ынтымақтастық орнатуға дайын екендіктерін  білдірді.

 

Барлық жаңалықтар