Шығыс Қазақстанда туризмді дамыту бойынша жұмыс күшейтілуде

12 Тамыз, 2016 16:12
Биыл Шығыс Қазақстандағы Зырян ауданында қонақ үйлер мен демалыс аймақтарының санағы басталды. Ол бірыңғай электрондық ақпараттық базаны құруға қажет.

ШҚО ақпарат орталығы хабарлағандай,Зырян ауданының өкілдері туризмді дамытуға үлкен көңіл бөлуде. Бұл сала үлкен кіріс алып келуі тиіс және ендігі күні Қытай халқы 30 күнге дейін визасыз біздің аумақта бола алады.

«Қытайдың көптеген туристері бізге келгілері келеді. Көбінесе олар қысқы демалысқа қатты қызығушылық танытады. Біздің мақсатымыз, олар үшін жақсы жағдай жасау. Жыл сауын туристік базаға келушілердің саны артуда. Осы жылы жұма сайын Бұқтырма су қоймасы аймағына 35-50 мыңдай адам келді»,-деді Зырян ауданының туризм меңгерушісі Вячеслав Князев.

В.Князевтің ойынша,демалыс базасы неғұрлым жақсы болса, туристер саны да көбірек болады. Сол себепті ескі қонақ үйлерге қайта жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Ескі базаларға жөндеу жұмыстарын жүргізуден бөлек, жағалауда жаңаларын салуда. Олардың бірі келесі жылы ашылады. Бұл жерде екі қонақ үй, төр-алты адамнан тұратын отбасыларға арналған 20 үй, бассейн және мейрамхана болады.

Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында  су қоймасының  жағалауында инфрақұрылымды дамыту үшін бірқатар шаралар жүзеге асырылуда. Биыл 13 шақырым жолға жөндеу жұмыстары жасалды. 

Барлық жаңалықтар