- Басты
- Жаңалықтар
- Денсаулық сақтау министрі Маңғыстау облысындағы медицина қауымдастығымен кездесті
Денсаулық сақтау министрі Маңғыстау облысындағы медицина қауымдастығымен кездесті
Салидат Қайырбекованың айтуынша, қолға алынған шаралардың нәтижесінде Қазақстанда оң нәтижеге қол жеткізілді: халықтың орташа өмір сүру ұзақтығы артып, 70 жастан асқан. 2013 жылдың 9 айында нәресте өлімі 18 пайызға азайып, ана өлімі 24 пайызға төмендеді. БҰҰ сарапшылары аталмыш саладағы статистикалық мәліметтерді растады. Скринингті өткізудің арқасында және жоғары технологиялы қондырғыларды қолданудың нәтижесінде қан айналымы ауруларынан көз жұмғандар саны 8,3 пайызға төмендеді.
Министр жоғары білікті және бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау мәселесіне аса мән берді. Бүгінде мемлекет тарапынан сапалы білім алуға барлық жағдай жасалған. Жаңа халықаралық стандарттарға сай келетін білім беру жүйесінің талаптары енгізілген. Оқытушылық-профессорлық құрамның әлеуеті арттырылған. ЖОО мен клиникаларда заманауи қондырғылар орнатылып, тәжірибе орталықтары ашылған.
Соған сай мамандарға деген талап та күшейген. Білім деңгейін, тәжірибедегі жастар мен білікті мамандардың шеберлігін бағалаудың тәуелсіз республикалық орталығы құрылды. Осыған орай министр барлық медицина қызметкерлерінің әрқашан біліктілігін арттыру мен өзін өзі жетілдіруге шақырды.
Кездесу барысында еліміздің бас дәрігері кадр тапшылығы мәселесін шешу жолында қандай шаралар қолға алынып жатқанын айтып берді. Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдарға жұмыспен қамтуды қолға алуды тапсырды. Бұған қоса ауылдық жерлердегі инфрақұрылымды дамыту, жас мамандарға әлеуметтік көмек көрсету, үймен қамту мәселелері де назардан тыс қалмады.
Кездесу соңында министр халықтың денсаулық сақтау саласына қатысты түйіткілді мәселелерге қатысты сұрақтарына жауап берді.
-
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Сотталғандарға қандай медициналық көмек көрсетіледі -
Коронавирустан кейін денсаулықты қалай қалпына келтіру қажет -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Азық-түлік бағасының тұрақтылығын сақтау және қаржы нарығын дамыту -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Маңғыстау мен Қызылорда облыстарында құрғақшылыққа байланысты қолға алынған шаралар