- Басты
- Жаңалықтар
- Жылжымалы медициналық кешендер 5 облыстың шалғай аудандарына барады
Жылжымалы медициналық кешендер 5 облыстың шалғай аудандарына барады
Аталған күндері ЖМК Қызылорда облысының Шиелі, Жалағаш, Арал, Сырдария аудандарының Тоқмағамбетов, «Бөген», «Еңбек», Бекежанов дәрігерлік амбулаторияларына барады. Мобильді медициналық бригадалардың құрамына терапевтік, кардиологиялық, эндокринологиялық, онкологиялық қызмет мамандары мен салауатты өмір салтын қалыптастыру аймақтық орталығының мамандары кіреді.
“15-16 тамыз күндері Жаңаөзен қаласы мен Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Сенек ауылының тұрғындары тегін скринингтік тексеруден өтіп, окулист, офтальмолог, терапевт, пульмонолог, кардиолог және педиатр мамандарының кеңесін алатын болады”, - делінген хабарламада.
16 тамызда әлеуметтік мәні бар ауруларды ерте кезде анықтап, оларды әрі қарай диспансерлік бақылау мен сауықтыру мақсатында Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Калинино және Лесное ауылдарының тұрғындарына бейінді мамандар бригадасы консультация береді.
16-17 тамыз күндері Павлодар облысы Лебяжі ауданы Малыбай, Қазы ауылдарының тұрғындарын терапевт, педиатр, окулист, отоларинголог, гинеколог, стоматолог дәрігерлер, сондай-ақ, рентген-кабинеттер және клиникалық зертхана мамандары тексеретін болады.
17 тамызда жылжымалы медициналық кешендер Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы Теректі ауылына барады.
Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылғы 1 шілде мен 31 тамыз аралығында республика бойынша «Денсаулық жолы – 2016» кең көлемді акциясы өтеді. Оның мақсаты - салауатты өмір салтын қалыптастыру және көптеген аурулардың алдын алу мәселелері бойынша ауыл тұрғындарына ақпараттық білім беру және практикалық көмек көрсету болып табылады.
-
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
Сотталғандарға қандай медициналық көмек көрсетіледі -
Жамбыл облысы: Аурудың жоғары деңгейі облыстың барлық қаласы мен ауданында байқалуда -
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және МӘМС жүйесі -
МӘМС: Пандемия кезінде ақысыз медициналық қызметті қалай алуға болады -
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры сыбайлас жемқорлыққа қарсы тетіктерді енгізуге мүдделі -
Гендерлік зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетіледі -
Stop Musor: «Қазақстан қалаларын қоқыс басып барады» -
2021 жылы медициналық сақтандыру үшін кім қанша төлейді -
Үшінші тоқсанда бітіруші сынып оқушылары мектепке барады -
Медициналық бұйымдарды стерильдеуге арналған радиациялық технология қауіпті ме? -
Биыл Алматыда медициналық кадрларды даярлауға қаржы көбірек бөлінді -
ЖҚҚ-ның бағасы төмендетілді: ПТР-тестілеу мен медициналық масканың бағасы қанша тұрады -
Пандемия кезінде ҚазҰМУ 150 мыңға жуық медициналық қызмет көрсетті – ректор -
Қазақстанда медициналық кадрлардың тапшылығы мәселесі қалай шешіледі