- Басты
- Жаңалықтар
- СҚО-да 2 жыл ішінде 172 хоккей корты пайдалануға берілді
СҚО-да 2 жыл ішінде 172 хоккей корты пайдалануға берілді
Ең алдымен өңiр басшысы бокс мектебi жанындағы көпқызметтi спорт алаңына барды. Нысанды Спорт күнiнде ашу жоспарланған. Қазiр мұнда қорытынды жұмыстар жүргiзiлуде. 20 х 30 метр өлшемдi алаңның ерекшелiгi онда баскетбол, волейбол, шағын футбол ойнауға болады. Спорттың түрiне байланысты мұнда белгi қойылған. Алаңның тағы бiр артықшылығы жарақатты болдырмайтын синтетикалық жабынмен қапталған.
Петропавл қаласының дене шынықтыру мәдениетi және спорт бөлiмiнiң басшысы Валерия Евдокименконың айтуынша, облыста мұндай алаң бұрын соңды болмаған.
«Мұнда жасалған көпқызметтi алаңнан басқа, тағы 8 жаттығу тренажеры орнатылды. Бұл жер қалалықтардың сүйiктi орынына айналады деген ойдамын. Мұнда тiлек бiлдiрушiлердiң барлығы жаттыға алады. Сол үшiн кесте жасалатын болады», — дедi Валерий Васильевич.
Жаңа алаңды сынап үлгерген балалар өңiр басшысына үлкен ризашылықтарын жеткiздi. Өз кезегiнде Ерiк Хамзаұлы жастарға спортты рух пен табыс тiледi.
«Екi жыл iшiнде облыс бойынша 172 хоккей қорабы пайдалануға берiлсе, олардың 13-i Петропавл қаласында орналасқан және 3-i жабық түрде жасалған. Сонымен қатар 200 шағын футбол алаңдары бар. Бұлардың барлығы сендер үшiн, сендер спортпен белсендi түрде айналысуларың үшiн жасалып отыр», — деп атап өттi Ерiк Сұлтанов.
Ал белсендi жастар үшiн ескi саябақта спорттың экстремалды түрiмен айналысуға арналған алаң орнатылды. Бұрын веломотокросс, скейт сияқты спортпен айналысатын жастарға мұндай орын болмаған едi. Өз мәселелерiн олар тiкелей өңiр басшысына айтқан болатын. Бiрнеше апта өткен соң саябақта 2 квотер мен 2 фанбокс орнатылды.
Ерiк Сұлтанов өңiрдiң велошабандоздары халықаралық жарыстарда өте жоғары көрсеткiштер көрсетiп жүргенiн, сондықтан бұл спортты және оның түрлерiн дамытуға қашан да үлкен көңiл бөлiнетiнiн айтты.
Айта кету керек, бүгiнде ВМХ спорт түрi ретiнде Петропавл қаласында белсендi дамып келедi. Қала бойынша 30-дан астам райдерлер бар.
Бүгiнде Мәдениет және демалыс саябағы жанындағы далалық жаттығу тренажерлары алаңында жаңғырту жұмыстары жүргiзiлуде. Бұл жер жарақатты болдырмайтын жабынмен қапталуда.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
«Бастау Бизнеске» 5 жыл: Жоба түлектері тәжірибесімен бөлісті -
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының 20 жылдағы жетістігі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды