- Басты
- Жаңалықтар
- Ақтаудағы алғашқы әскери пирстың құрылысы аяқталуға жақын қалды – ҚМ (ФОТО)
Ақтаудағы алғашқы әскери пирстың құрылысы аяқталуға жақын қалды – ҚМ (ФОТО)
Айлақтың құрылысы ақпан айында басталған болатын. Қазіргі кезде гидротехникалық құрылыстағы жұмыс қызу жүріп жатыр. Бұл Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің тарихында әскери мақсаттағы тұңғыш пирс болайын деп тұр.
Қазіргі сәтте қазақстандық әскери корабльдер әскери-теңіз базасынан 140 шақырым қашықтықтағы Баутино кентіндегі жалға алынған пирста орналасқан, Бұл Ақтау қаласында тұратын әскери қызметшілерге белгілі бір қолайсыздық туғызуда. Осылайша, жеке меншік теңіз пирсының бой көтеруі Әскери-теңіз күштері үшін маңызды оқиға болып табылады. Пирстың құрылысымен Ақтау шаһары портының аумағында бөлінген ауданы 1,2 га жер телімінде «Әскери құрылыс» акционерлік қоғамы айналысуда.
«Ақтау қаласының портында ҚР ҚК ӘТК корабльдерінің орналасу алғашқы пунктінің салынуы Әскери-теңіз күштеріне Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы ықтимал қауіп-қатерлерге тиімді және уақтылы ден қоюға, Каспий теңізінің кез келген ауданына корабльдердің шығуын жедел жүзеге асыруға және материалдық-техникалық қамтамасыз етудің барлық түрлерімен қамтамасыз ету мен тасып жеткізуді уақтылы ұйымдастыруға, техника мен қару-жарақтың мотоқорын үнемдеуге мүмкіндік беріп, жанар-жағармай материалдарына жұмсалатын шығынды айтарлықтай қысқартады», - деп ҚР ҚК Әскери-теңіз күштерінің қолбасшысы вице-адмирал Жандарбек Жанзақов атап өтті.
-
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары оқуға қабылдауды жүргізуде -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Отанға мінсіз қызмет ету – борышымыз -
ҚМ: Әскери ынтымақтастық, жауынгерлік дайындық және әскери білім беру мәселесі -
Елорданың дамуы: Қолжетімді баспа мен мектеп құрылысы, тұрғын үй және газбен қамту мәселері -
Кәсіпкер: COVID-19-дан қорғанудың ең тиімді әдісі – вакцина алу -
Ақмола облысының дамуы: Азық-түлік бағасын тұрақтандыру, инвестиция және түрғын үй мәселері -
Тоқаев пpезиденттiгiне – 2 жыл: Қандай маңызды шешiмдеp қабылданды -
Сарапшылар пікірі: «Президент тапсырмасы – адам құқығын қорғау тетіктерін күшейтуге бағытталған» -
Қызылорда облысының дамуы: Тұрғын үй құрылысы, азық-түлік қауіпсіздігі және білім саласы