- Басты
- Жаңалықтар
- «Арлан» машиналарының алғашқы партиясы қазақстандық армияның жарақтандырылуына келіп түсті (ФОТО)
«Арлан» машиналарының алғашқы партиясы қазақстандық армияның жарақтандырылуына келіп түсті (ФОТО)
«Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС шарт негізінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдеріне машиналарды жеткізіп берді. Одан басқа, кәсіпорынның инженерлері бөлімшелердің жеке құрамын оқытып-үйретті. «Арлан» – бұл күшейтілген минаға қарсы қорғанысы бар көп нысаналы броньдалған дөңгелекті машина. Аталған үлгідегі машиналардың жарқыншақтарға төтеп беруге және жарылыстың қуатын ыдыратып жіберуге мүмкіндік беретін үлкен жол саңылауы, V-тәріздес түпшесі бар.
Броньдалған машина жоғары минаға қарсы қорғанысқа ие және кез келген атыс қаруының оқ атуларына шыдайды. Машинаның жауынгерлік салмағы 16 тоннаны құрайды. Машинаның экипажы 2+8 адам, ол сағатына 100 шақырымға дейінгі жылдамдықты үдете түседі.
«Машина өте керемет. Қазіргі кезде ол сынамада. Бірден оның ыңғайлылығын, жоғары қауіпсіздігін, оның толыққанды құрышталғанын, оқ өткізбейтін әйнектері де бар екенін атап өткім келеді. Көздеушіге оның ұлғайтып, жақындатып көрсететін қасиеті болғаны үшін ыңғайлы. Атысты басқару толық компьютерлендірілген, сондықтан оқ атуды машинадан шықпай-ақ, талқандау арқылы жүргізуге болады», - деп броньды машинаның жарақтандырылуға келіп түскен бөлімшелердің әскери қызметшілері атап өтуде.
«Арлан» -50⁰С-тан + 50⁰С-қа дейінгі температура режімінде пайдаланудың қытымыр климаттық жағдайына толыққанды бейімделген. Алғаш рет әртүрлі модификациядағы және қару-жарақтағы «Арлан» броньдалған дөңгелекті машиналары ағымдағы жылдың маусымында Астанада өткен IV халықаралық «KADEX-2016» қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік көрмесінде көрсетілді. Бүгінгі таңда республикамыздың Қарулы Күштерінде мұндай техниканың баламасы жоқтың қасы.
-
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
COVID-19: 4 млн-нан астам қазақстандық вакцина алды -
БҒМ: 330 қазақстандық шетелде тегін оқуға мүмкіндік алды -
Edtech форумы: Білім беруде инновациялық технологияларды қолдану мәселесі талқыға түсті -
Қанша қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцина алды -
EdTech: Қазақстандық білім беру технологиялары форумына тіркелу басталды