• Басты
  • Жаңалықтар
  • ИДМ: «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 2016 жылы бөлінген қаржының 47 пайызы игерілді

ИДМ: «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 2016 жылы бөлінген қаржының 47 пайызы игерілді

12 Тамыз, 2016 08:41
Бүгінгі таңда 2016 жылы бөлінген 349,8 млрд теңгенің 47 пайызы игерілді, Ұлттық қордан бөлінген қаржының 43 пайызы игерілген болатын, деп хабарлады Инвестициялар және даму министрлігі.

« «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2015-2019 жылдары 17 жобаны жүзеге асыру қарастырылған. Оның 16 жобасы көліктік салады, 11-автокөлік жолдары, 2 жоба темір жол саласында, 1 жоба  су және азаматтық авиация  мен логистика, 1 жоба несиелік тұрғын үй саласында», - делінген хабарламада.

Аталмыш жобаларды жүзеге асыруға «Нұрлы жол» аясында 2016 жылы 349,8 млрд теңге бөлінді. Оның ішінде Ұлттық қор 171,3 млрд теңгесін бөлген болатын.

«Бүгінгі таңда 2016 жылы бөлінген 349,8 млрд теңгенің  47 пайызы игерілді, Ұлттық қордан бөлінген қаржының 43 пайызы игерілген болатын», - делінген хабарламада.

Индира Кауметова

 

 

Барлық жаңалықтар