- Басты
- Жаңалықтар
- 1,5 мың қазақстандық мемаудитор тәуелсіз сертификаттаудан өтеді
1,5 мың қазақстандық мемаудитор тәуелсіз сертификаттаудан өтеді
«Өткен жылы мемлекеттік аудит пен қаржы бақылауы туралы заң қабылданған болатын. Бұл заң Қазақстанның мемлекеттік аудитке көшуін қамтамасыз етеді. Мемлекеттік аудит режимінде жұмыс істеу үшін бізге білікті кадрлар қажет. Сондықтан заң мемлекеттік аудиторларды тәуелсіз сертификаттауды іске қосты. Мемаудит пен қаржы бақылауына қатысты барлық қызметкерлер 2017 жылдың 1 қаңтарына дейін сертификатталуы керек», - деді ол.
Комитет төрағасының айтуынша, ішкі мемлекеттік аудит комитетінің қызметкерлері, мемлекеттік ішкі аудит қызметі, облыстық комиссияларға қатысты болып отыр. Қ.Жаңбыршин мемлекеттік аудитор сертификатын алу үшін сәйкес білікті емтихандардан өту қажет. Сондай-ақ, Сертификаттау бойынша Ұлттық комиссияның әңгімелесуінен өтуі қажет.
«Сертификат үміткердің жоғары біліктілігін көрсететін құжат болып есептеледі. Сертификат алу үшін екі кезеңнен өту қажет: біріншісі, біліктілік емтиханын тапсыру, екіншісі, сертификаттау бойынша ұлттық комисияның әңгімелесуінен өту. Үміткерлерге үздік «мемлекеттік аудитор» деңгейіне жету үшін қатаң талаптар қойылады», - деді ол.
«Алдағы жылдың қаңтарына дейін 1,5 мың қызметкермен сөйлесуіміз керек. 199 үміткер оқытылды. Үміткер сыннан өткен соң «мемлекеттік аудитор» статусына ие болады. Жалпы, сертификаттау механизімінен кейін кәсіби мемаудиторлар көбейеді», - деді ол.
Айта кетейік, Ұлттық комиссия қрамына Президент Әкімшілігі, Парламент мүшелері мен мемлекеттік аудит бойынша екі білікті маман, Есеп комитетінің бес өкілі, облыстарды таныстыратын екі өкілден құралады. Ұлттық комиссия төрағасы болып Есеп комитетінің төрағасы есептеледі.
Индира Кауметова
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
ӘМАТТ: Сауда үстемесін 15%-дан асырғандар қанша айыппұл төлейді -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
«Ақын» фильмінің әлемдік тұсаукесері Токиода өтеді -
COVID-19: Сингапурде антиковидтік шаралар күшейтілді, ал Ұлыбританияда коронавирустық жағдайлар 15%-ға артқан -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды