ТДЖҰА инновациялар байқауына қатысуға өтінімдерді қабылдауды бастады

11 Тамыз, 2016 17:34
«Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ Ұлттық инновациялар байқауына қатысуға өтінім қабылдауды ашық деп жариялайды. Байқау ҚР инвестициялар және даму министрлігінің қолдауымен өткізілуде.

Ұлттық агенттікте хабарлағандай, байқау жыл сайын 2005 жылдан бастап өткізілуде және осы жылдар ішінде еліміздің барлық аймағының 5 мың инвесторы қатысқан.

Байқаудың негізгі мақсаты - халықтың инновациялық белсенділігін ынталандыру және инновациялық кәсіпкерлікті насихаттау.

Байқауда «Орта мектеп оқушылары арасындағы үздік инновациялық жоба», «Студенттер арасындағы т үздік инновациялық жоба , «Таңдаулы рационалдық ұсыныс», «Ең инновациялық-белсенді аймақ» номинациялары болады.

Сонымен қатар, түрлі инновацияның үздік инновациялық жобалары да анықталатын болады және олар үшін «Ең үздік процесті инновация», «Ең үздік маркетингтік инновация»,  «Ең үздік ұйымдық инновация», «Ең үздік инновациялық өнім», «Ең үздік әлеуметтік инновация» атты қосымша номинация болады.  

ТДЖҰА ақпараты бойынша, Байқаудың жалпы ақшалай жүлде қоры 6 млн теңгені құрайды.

Сонымен қатар, Орта мектеп оқушылары арасындағы үздік инновациялық жоба» номинациясының жеңімпазы білім беру турымен Ұлыбританияға бару мүмкіндігін алады. 

Барлық жаңалықтар