- Басты
- Жаңалықтар
- ШҚО-да жиектас шығару өндірісі дамуда (ФОТО)
ШҚО-да жиектас шығару өндірісі дамуда (ФОТО)
Бүгінге дейін жобаны толықтай жетілдіру үшін 9 млн теңге қаражат жұмсалған. Жаңа өндіріс ошағы жиектас және тақтайшалардың жиырмадан астам түрін шығарып келеді. Ал ирандық резиналық қалыптарға құйылған тақтайшаларды өңдеу оңай және сапасы жоғары болып шығады.
« 2014 жылы кәсібімізді бастасақ та, әр жыл сайын жаңашылдық енгізіп, жаңа серпінмен кірісіп келеміз. Қазірдің өзінде Серебряновск қаласын толықтай жиектастармен қамтамасыз етіп отырмыз. Ал орталық алаңды түрлі бедерлі тақтайшамен қоршап шығу деген біз үшін көп жұмыс емес. Тек тапсырыс болса болғаны, кез келген көлемді қысқа уақытта сапалы етіп әзірлеп береміз», – деді кәсіпорын директоры Салтанат Сұңғатова.
Сондай-ақ, жуырда жиектастармен қатар, цементтен құйылған қоршаулар шығару да қолға алынған. Сапасы жоғары болып келетін жиектастар мен қоршаулардың тағы бір ерекшелігі, бағасы жергілікті тұрғындар үшін тиімді.
Айта кетсек, Зырян ауданында Елбасының 5 институционалды реформасының ІІІ бағыты «Индустрияландыру және экономикалық өсім» бағыты бойынша 2016-2020 жылдар аралығында 6 бағыт бойынша экономиканы жетілдіруші 65 жоба құрылған. Ал жыл басынан бері ауданның өзінде 282 шағын кәсіп көзі тіркелген.
-
Тоқаев: Азаматтарға қолжетімді болу үшін отандық екпе өндірісі ұлғайтылады -
Энергетика министрлігінің алқа жиыны: Мұнай саудасы, уран өндірісі, электр энергиясының өнімділігі -
А.Салиев: Елде вакцина шығару логистикалық шығынды қысқартуға, медұйымға тез жеткізуге мүмкіндік бермек -
ҚР ИИДМ: Көлік құралдарын шығару - машина жасау өнеркәсібінің дамуына ықпал етті -
Өңірлердегі жаппай газдандыру Қарағандының көмір өндірісіне әсер еткен жоқ – әкім -
Р.Скляр: Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 3,8 пайызға өсті -
ИНФОГРАФИКА: Құрылыс материалдарының отандық өндірісін дамыту -
Елімізде инкубациялық жұмыртқа өндірісі бойынша ТМД-дағы ең үлкен жоба іске қосылады -
ИНФОГРАФИКА: ТМД елдеріндегі өнеркәсіп өндірісі -
Түркістан облысында мұнай мен көмірді терең өңдеу өндірісі іске қосылады -
Елордада «Мейірім шуағы» қалалық акциясы өтті (ФОТО)
-
ХҚО-лар қалай жұмыс істеп жатыр (ФОТО) -
Елордаға қалай кіруге болады (ФОТО) -
Қызмет көрсету сапасы жағынан бәсекеге қабілетті болуымыз керек – әлеуметтік кәсіпкер (ФОТО) -
Елордада автобустар жүре бастады (ФОТО)