• Басты
  • Жаңалықтар
  • 2016 жылдың басынан бастап «ЖҚЖК-2020» аясында 8,9 млрд теңгенің 3600 несиесі берілді

2016 жылдың басынан бастап «ЖҚЖК-2020» аясында 8,9 млрд теңгенің 3600 несиесі берілді

11 Тамыз, 2016 14:57
2016 жылы жоспарланған 25 млрд теңгенің 8,9 млрд теңгесі «ЖҚЖК-2020» аясында 3600 қарыз ретінде 4 мың адамды жұмыспен қамтыды. Бұл туралы «Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры» АҚ басқарма төрағасы Жандар Омаров ауыл тұрғындарының тиімді жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету бойынша және ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді арттыру үшін жеке шаруашылықтардың әлеуетін пайдалану және азық-түлік қауіпсіздігі мәселелерін шешу бойынша іс-шараларды іске асыруға арналған брифинг барысында мәлім етті.

«Несиелендірудің басым бағыттарына тоқтайтын болсақ, қор сүт қабылдау, отбасылық қоректендіру  алаңдарын салуға арналған жобаларды қаржыландыруды бастады. Аталмыш үш бағытты қаржыландыру бағдарламасы 3 жылға есептелген, 2016 жылдан бастап 2018 жылға дейін «ЖҚЖК-2020», «БЖК-2020» негізінде қаржыландырылады», - деді ол.

Ж.Омаров айтып өткендей, ауыл шаруашылығын қамту бойынша қаржыландыру шаралары туралы айтып өтті. Қазіргі таңда қор ауыл тұрғындары үшін несие ұсыну  бойынша жұмыстар жүргізілуде.

«Шағын несиелер ауыл шаруашылығы жануарларын қоректендіру және сүт қабылдау пункттерін ашу бойынша  3-7 жылға 3-7 млн теңгені 6 пайыздық көрсеткішпен беру қарастырылған», - деді ол.

Айта кетерлігі, Қор жыл басынан бері 1300 жеке өтінішті қаржыландырды. 3,12 млрд теңгенің шағын несиесі бөлінді.

Индира Кауметова

 

Барлық жаңалықтар