- Басты
- Жаңалықтар
- БҚО-да «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 800 шақырымға жуық жаңа жол төселеді
БҚО-да «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 800 шақырымға жуық жаңа жол төселеді
Кеңес барысында инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек, Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов, сондай-ақ «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ кеңесінің төрағасы Ермек Қизатов баяндама жасады.
Кәрім Мәсімов қазіргі таңда көлік инфрақұрылымы «Нұрлы жол» және өзге де жүзеге асып жатқан салалық бағдарламалар арқылы дамып жатқанын атап өтті. Өңірдің, әсіресе, транзиттік әлеуетін ескересек, облыстағы маңызды көлік жобаларының бірі «Орал – Тасқала – РФ шекарасы» автожолдарының қайта жөнделуі болып есептеледі.
Сонымен қатар, Премьер-Министр батыс өңірде ауқымды көлік инфрақұрылымы жобаларын жүзеге асырумен қатар, қоғамдық көлік қозғалысын қамтамасыз ететін жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының құрылысы мен отехникалық қызмет көрсетуде бірқатар проблеманың бар екенін айтты.
Батыс Қазақстан облысы республикамыз бойынша автомобиль жолдарының жай-күйі жағынан соңғы орында тұр. Мұнда жолдардың жалпы көлемінің 74% нашар жағдайда.
Премьер-Министр Инвестициялар және даму министрлігіне Батыс Қазақстан облысының әкімдігімен және мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып кеңесте айтылған ұсыныстарды жүзеге асыру үшін бірқатар тапсырма берді. Сонымен қатар, Қаржы министрлігіне, Инвестициялар және даму министрлігіне облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын қайта жаңартуға және жөндеуге қосымша қаржы бөлу туралы ұсыныстар әзірлеуді тапсырды.
Айта кетейік, облыстағы автомобиль жолдарының ұзындығы 6 530 шақырымды құрайды, оның ішінде республикалық маңызы бар жолдар – 1392 шақырым, жергілікті маңызға ие жолдар – 5137 шақырым. 2016 жылға арналған қаржыландырудың жалпы көлемі – 16 млрд. 461 теңге.
Тұтастай алғанда, еліміздегі автомобиль жолдары «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында жаңартылып, жөнделіп жатыр.
Осы жылдың соңына дейін елімізде 800 шақырымға жуық жаңа жолды іске қосу жоспарланып отыр.
2016 жылдың қорытындысы бойынша Батыс Еуропа – Батыс Қытай, Бейнеу – Ақтау, Астана – Теміртау учаскесі, Алматы – Қапшағай – Талдықорған және Астана – Петропавл жобаларын толық аяқтау қарастырылуда.
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді