• Басты
  • Жаңалықтар
  • Н.Нығматулин: Қазақстан Президентінің «АТОМ» жобасы әлемдік қауымдастықты нығайтады

Н.Нығматулин: Қазақстан Президентінің «АТОМ» жобасы әлемдік қауымдастықты нығайтады

29 Қараша, 2013 17:45
Санкт-Петербордағы «Қазіргі әлемдегі ядролық қауіпсіздік. Ядролық қарусыздану мен таратпау үдерісіндегі парламентарилерің рөлі» атты халықаралық конференцияда сөз алған Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Қазақстан Республикасы Президентінің ядролық қарусыздану мен таратпау жөніндегі жаһандық бастамаларына тоқталды.

«АТОМ» халықаралық жобасы ядролық қауіптің алдын алуда әлемдік азаматтық қауымдастық тарапынан қолдауға ие болып отыр», - деді Мәжіліс Төрағасы.

Төменгі палата төрағасының айтуынша, қазірден бастап ядролық қарудан біржолата бас тарту мен ядролық сынақтарды тыю туралы келісімге әлемнің 100-ден астам елінің азаматтары қызығушылық танытқан.

«Ұлттық парламент депутаттары да осы жаһандық жобаны қолдайды деп үміттенеміз», - деді Нұрлан Нығматулин.

Конференцияға қатысушылар Қазақстанның тарихындағы трагедиялық жағдайлардан хабар беретін көрме мен Елбасының ядролық қарусыздануға қатысты бастамалары жайлы фотокөрмесіне үлкен қызығушылық танытты.

Барлық жаңалықтар