- Басты
- Жаңалықтар
- К.Мәсімов БҚО-ның әлеуметтік-экономикалық дамуымен танысады
К.Мәсімов БҚО-ның әлеуметтік-экономикалық дамуымен танысады
Премьер-Министр «Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан «Орал – Тасқала – РФ шекарасы» автожолдарын қайта жөндеу барысын бағалайтын болады.
Аймақтың және жалпы еліміздің көлік-логистикалық жобаларының стратегиялық маңыздылығын ескере отырып, Кәрім Мәсімов Батыс Қазақстан облысындағы автомобиль жолдарының жай-күйі туралы кеңес өткізеді.
Сонымен қатар, Премьер-Министр АӨК өкілдерімен тамақ өңдеу өнеркәсібінің өзекті бағыттарын талқылап, «Кублей» консервілерін шығаратын кәсіпорынға барады.
Газ саласының өзекті мәселелері мен даму перспективаларын компаниялардың, мемлекеттік органдар мен салалық құрылымдардың басшыларымен кездесу барысында талқылау жоспарлануда.
Батыс Қазақстан облысы еліміз үшін өнеркәсіптік маңызға ие. Өңір аумағында мұнай және газ өндіру, мұнай өңдеу, машинажасау, металлургия, қорғаныс, тау-кен, тігін және тамақ салаларының кәсіпорындары орналасқан.
Индустрияландыру картасын жүзеге асыру кезеңінің алғашқы бесжылдығында 31 жоба жүзеге асырылып, 1828 жаңа жұмыс орны құрылды. Екінші бесжылдық аясында 11 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр.
Қазіргі таңда Батыс Қазақстан облысының халқының саны 639 мыңнан астам, оның 48% – қала тұрғындары.
-
Сенаторлар өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуымен танысты -
Сенат депутаттары Маңғыстау облысының дамуымен танысты -
Б.Сағынтаев Маңғыстау облысының көлік-логистикалық әлеуетінің дамуымен танысты -
Е. Қошанов Қарағанды облысында экотуризмнің дамуымен танысты -
Татарстан Президенті Алматы облысының дамуымен танысты -
Мәжіліс депутаттары Оңтүстік Қазақстанның дамуымен танысты -
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жетістігі елдің қарқынды дамуымен тікелей байланысты - Мұтанов -
ҚР Премьер-Министрі ШҚО-ның АӨК нысандарының дамуымен танысты -
Премьер-Министр Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуымен танысады -
Африка құрлығы G-global-мен танысады -
СҚО әкімі аудандағы шағын және орта бизнестің дамуымен танысты -
«А» корпусының мемлекеттік қызметкерлері топтық басқарудың халықаралық тәжірибесімен танысады -
Денсаулық сақтау министрі Қызылорда облысындағы медициналық мекемелердің жұмысымен танысады -
Нұрлан Қаппаров «жасыл» экономика мен ЖЭК тәжірибесінің Еуропа елдерінде дамуымен танысты -
20 000-ға тарта оқушы қаланың ірі кәсіпорнымен танысады