Елбасы Н.Рахимовті Олимпиада ойындарындағы жеңісімен құттықтады

11 Тамыз, 2016 10:16
Қазақстан Президенті Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарындағы жеңісіне байланысты Нижат Рахимовқа құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы ауыр атлетика сайысында алтын медаль иеленген Н.Рахимовты құттықтады.  

«Қазақстандықтар сенің өнеріңді зор қызығушылықпен және үлкен үмітпен тамашалады. Сен олардың үмітін толық ақтадың. Жоғары спорттық шеберлігің, жанкештілігің мен асқан ерік-жігерің саған қиын күресте мықты қарсыластарды жеңіп шығып, Қазақстанның олимпиадалық командасына алғашқы алтын медальді әперуге көмектесті. Сенің жеңісің елдің жас спортшылары үшін лайықты үлгі болары анық», – делінген жеделхатта.

Нұрсұлтан Назарбаев спортшыға жаңа жеңіс пен жетістіктер тіледі. 

 

Барлық жаңалықтар