• Басты
  • Жаңалықтар
  • Биыл АШМ тұңғыш рет ауыл шаруашылығы техникасы үшін инвестициялық субсидия төлеуді көздеп отыр

Биыл АШМ тұңғыш рет ауыл шаруашылығы техникасы үшін инвестициялық субсидия төлеуді көздеп отыр

11 Тамыз, 2016 10:49
Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Қ.Қ.Айтуғанов ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға ынталандыру және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге қаржылай қолдау көрсету мақсатында атқарылған жұмыстардың бір парасын айтты, деп хабарлады АШМ.

«Бүгінде Ауыл шаруашылығы министрлігі республикалық бюджет қаражаты есебінен ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақының пайыздық мөлшерлемесін арзандату бағдарламасын іске асыруда», - деді ол.

«Аталған бағдарламаны іске асыруға 6,9 млрд. теңге бөлінді. Бұл ретте, жылына 19%-дан аспайтын сыйақы мөлшерлемесімен ауыл шаруашылығы техникасының лизингін субсидиялау көзделеді. Оның 7%-ы республикалық бюджет есебінен өтеледі», - деп атап өтті Қ.Айтуғанов.

Айта кетейік, ағымдағы жылдан бастап бірінші рет ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу кезінде инвестициялық субсидия төлеу көзделіп отыр. Субсидиялар нормативі техника құнының 25%-ын құрайды.

 

Барлық жаңалықтар