• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан мен Украинаның бизнес-құрылымдары кооперациялық байланыстарды реттеуге мүмкіндік береді

Қазақстан мен Украинаның бизнес-құрылымдары кооперациялық байланыстарды реттеуге мүмкіндік береді

11 Тамыз, 2016 09:46
Украинадағы Қазақстанның елшісі Самат Ордабаевтың Украинаның Одесса облысына жұмыс сапары болды. Бұл туралы ҚР сыртқы істер министрі мәлім етті.

Алдағы уақытта Қазақстан мен Украинаның тауар айналымын өзектендіру және қазақстандық тауарларды Еуропа нарығында жылжыту мәнмәтінінде, Елші Ильичевск теңіз сауда портында болып қайтты, оның техникалық жабдықтары мен алғашқы мүмкіндіктерімен танысты.

СІМ ақпараты бойынша, кемежай халықаралық жоғары механикаландырылған көлік торабы болып табылады және Еуропа мен Азия арасында негізгі көлік жолдары торабында басты орын алады.

Сонымен қатар, С. Ордабаев «Господарочка» Сауда алаңы» Корпорациясының жұмысымен танысты.

Келіссөз аясында а.ж қазан айында Астана қаласына Корпорация басшысының келуі туралы келісімге келді. Кездесу барысында қазақстандық бизнес-құрылымдармен кооперациялық байланыс орнатады.

Сапар аясында Елшілік Украиналық Халықаралық сауда палатасының комитетпен бірге және «Марин-Транс» транспортты компаниясымен «Қазақстан мен Украина арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізілді. Іс-шараға 30-дан астам ірі украиналық кәсіпорындар мен компаниялар қатысты.

Украиналық іскерлік топ Қазақстанның экспорттық мүмкіндігімен, шараларымен, ҚР-ғы инвестициялық ахуалды одан әрі ырықтандыру туралы және екі ел арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынас бағыттарының перспективаларымен хабарландырылды.

Сонымен қатар, «дөңгелек үстел» кезінде маңызды аспекттің бірі Ұлт жоспары «100 нақты қадамын» іске асыру жолдарын талқылау, Қазақстан Республикасы Президентінің халыққа жолдауын талқылау, сонымен қатар, «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындық үрдістерін талқылау кірді.

Қатысушылар Қазақстанның салық және кеден заңнамасы туралы сұрақтарға егжей-тегжейлі жауап алды.

Барлық жаңалықтар