- Басты
- Жаңалықтар
- Жаппай егін жинау науқаны қыркүйектің бірінші онкүндігіне жоспарлануда - АШМ
Жаппай егін жинау науқаны қыркүйектің бірінші онкүндігіне жоспарлануда - АШМ
«Астық себетін негізгі облыстарда маусымның бірінші бөлігінде нормадан төмен атмосфералық жауын-шашын мен суық ауа-райы байқалды. Астық себетін облыстардың көпшілік бөлігінде маусымның екінші жартысында және шілде айында жауған мол жауын-шашын мығым вегетативтік массаның қалыптасуына, дәнді дақылдар дамуының созылуына, жаздық бидай егістерінде аурулардың таралуына және дамуына әкеліп соқты», - деді ол.
Министрлік өкілінің айтуынша, Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында шілде айында жауын-шашынның мөлшері нормадан 2-3 есе артып, бұл биік бидай сабағының қалыптасуына, соның салдарынан жекелеген танаптарда егіннің жатып қалуына әсер етті.
«Жалпы алғанда, маусым және шілде айларында оң тиімді температуралардың жеткіліксіздігі байқалды. Ол дәнді, майлы және дәнді бұршақты дақылдардың өсіп-жетілуін шектейді. Егу мерзімдеріне байланысты егіннің дамып-жетілуінің созылуы маусым айында жауын-шашын норма шегінде болған өңірлерде 5-7 күнді, жауын-шашын нормадан 2-3 есе жоғары болған өңірлерде 7-12 күнді құрайды», - деп ойын жалғады Қ.Айтуғанов.
«Осыны ескере отырып, ауа-райының көпжылдық тәжірибесіне сүйене отырып, тамыз айында егістің дамып-жетілуден артта қалушылығы сақталатын болады және жаппай егін жинаудың басталуы қыркүйек айының бірінші онкүндігінің соңында күтілуде. Тамыз айында ауа райы ыстық болған жағдайда жаппай егін жинаудың басталуы тамыз айының соңында - қыркүйек айының басында күтілуде», - деп атап өтті вице-министр.
Айта кетейік, «Қазгидромет» РМК болжамы бойынша тамыз айында ауаның температурасы көп өңірлерде нормадан жоғары және қалыбы да осы көрсеткіштің айналасында болады деген болжам бар. Ал жауын-шашынның мөлшері норманың шегінде болады деп күтілуде.
-
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Жалпыға бірдей декларация: Бірінші кезең нәтижелері және «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
АШМ: Астық өндіруші елдер, дәнді-дақылдар қоры және егін жинау жұмыстары -
Қазақстанда халықты емханаға тіркеу науқаны қашан басталады -
Күзгі әскерге шақыру науқаны қалай ұйымдастырылады -
Жем-шөппен қамту және егін жинау науқанына дайындық мәселелері -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және МӘМС жүйесі -
БҒМ: 330 қазақстандық шетелде тегін оқуға мүмкіндік алды -
2022 жылдың мамырына дейін қызыл төлқұжатты ауыстыру науқаны жүреді