• Басты
  • Жаңалықтар
  • ИДМ басшысы жолдардың жағдайын жақсарту үшін автожол техникасын сатып алу қажеттігін айтты

ИДМ басшысы жолдардың жағдайын жақсарту үшін автожол техникасын сатып алу қажеттігін айтты

10 Тамыз, 2016 18:14
Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Үкімет басшысына жолдардың жағдайын жақсарту үшін 5 млрд теңгені автожол техникасын сатып алуға бөлуді қарастыруды ұсынды. Министр бұл туралы Үкімет отырысында мәлімдеді.

«Жолардың қыс мерзіміндегі сапасына жауап беретін кәсіпкерлік  34 пайыз техникамен қамтылған. Біз  көп төсейміз ал олардың сапасын қамтуға назар аудармай жатамыз. Сондықтан, бюджет аясында жолдардың жағдайын жақсарту үшін  5 млрд теңгені  автожол техникасын сатып алуға бөлуді қарастырған жөн», - деді министр.

Сондай-ақ, ведомство басшысы айтып өткендей, бағдарламаның басынан бастап 1256 шақырым автожол жөнделді.

«Ұйым автожолдардың қамтылуына жауап береді, ол 34 пайыз техникамен қамтылды. Оның 65 пайызы ескіріп отыр», - деді ол.

Сондай-ақ, министр айтып өткендей, «Батыс Еуропа-Батыс Қытай»  транспорттық дәліздерінің іске қосылуы  техника бірлігі 612-ге көбейту қажет болып отыр, оның құны 10 млрд теңге.

Индира Кауметова

 

Барлық жаңалықтар