Қазақстанда өндірілген дизельдік отын астық жинау шығынын өтейді

10 Тамыз, 2016 18:37
Тамызда Қазақстанның мұнай өңдеу зауыттары 336 мың тонна дизельдік отын өндірулері керек, бұл артығымен ауыл шаруашылығы өндірушілерінің шығынын жабады, деді Үкіеттің селекторлық отырысында Энергетика министрі Қанат Бозымбаев.

«Ауыл шаруашылығы өндірушілерінің айтылған дизельдік отын  қажеттілігі күзгі жинау үшін 392 мың тоннаны құрады. Біз шілдеге  кесте құрып, ауыл шаруашылығы өндірушілері 112 мың тонна сатып алып, 86 мың тоннаны шығарыд деп есептедік. 9 тамыздағы жағдай бойынша  149 мың тонна немесе 19 пайыз  шығарылды. Өңірлердің қажеттілігі осы айда 441 мың тоннаны құрады. Қазіргі таңда өңірлерде 236 мың тонна, 30 мың тонна МӨЗ-де болып отыр», - деді Қнаат Бозымбаев.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда мұнай өңдеу зауыттары 92 мың тонна өндірді, ол жоспар бойынша  2-3 пайызға төмен.

«Дизельдік отынның бағасын реттеуді алып тастадық, отынның тең жартысы Ресейге импортталады. Ол 150 мың тоннаны құрап отыр. «Гелиос» пен «Газпромның» 4 тоннасы жіберіліп, 100 мың тоннаға келісім орнатылды», - деді министр.

Қанат Бозымбаев атап өткендей, көлем мен баға ауа райына орай сәйкестендіріледі.

 

 

Барлық жаңалықтар