- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстандық салық төлеушілер енді қаражаттарын ғаламтор қойнауында сақтай алады
Қазақстандық салық төлеушілер енді қаражаттарын ғаламтор қойнауында сақтай алады
Таяу болашақта кедендік аумақ ішінде тауарларды тасымалдау процедуралары жеңілдемек.
«Кедендік аумақ ішінде тауарларды процедураларын жеңілдету үшін «Электронды шот-фактура» (ЭШФ) ақпараттық жүйесі «Виртуалды қойма» үлгісін қолдану жоспарланып отыр. Бұған Виртуалды қоймадағы кіріс көлеміне сәйкес, «ЭШФ» ақпараттық жүйесіндегі электронды шот-фактураларды рәсімдеу процедурасы сеп болмақ», – деп хабарлады ОКҚ брифингінде ҚР Қаржы Министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Дәулет Ерғожин.
Комитет басшысы аталмыш іс-шаралар ЕАЭО елдерімен және өзге де елдермен бірлескен сауда жасау кезінде электронды шот-фактура жасауға, оның ішінде, нақты уақыт тәртібінде ЕАЭО елдерінің кедендік органдарына табысталған шот-фактуралар туралы мәліметтер беруге жол ашатынына тоқталды.
Естеріңізге сала кетейік, қолданыстағы заңға сәйкес, шот-фактуралардың міндетті электрондық түріне кезең-кезеңмен өту жоспарланған. 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап, электронды бухгалтерлік құжат айналымына өкілетті экономикалық операторлар өткен болатын. 2016 жылғы 1 шілдеден бастап кедендік өкілдер, кедендік тасымалдаушылар, уақытша сақтау қоймалары мен кедендік қоймалар қожайындары өткен. Ал, 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін электронды шот-фактуралар әрбір ҚҚС төлеушілерге міндетті болады деп жоспарлануда.
Дәулет Ерғожиннің ақпаратына сенсек, 2016 жылдың 1 маусымына дейінгі аралықта Қазақстанда «Электронды шот-фактура» ақпараттық жүйесіне 28,5 мың адам тіркеліп, 4,7 млн шот-фактура берілген. Ал, айналымдағы қаражат құны 1,2 трлн теңгені құраған.
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
Ірі салық төлеушілерді салықтық әкімшілендіру ерекшеліктері мен нәтижелері -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Браконьерлермен күрес: Қандай жаза тағайындалады -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Жолдау-2021: Салықтық әкімшілендіруді күшейту шаралары -
Қазақстанда халықты емханаға тіркеу науқаны қашан басталады -
ДСМ: Қазақстанда эпиджағдайдың біртіндеп тұрақтануы байқалады